Кері қайту
8 қараша 2023
KDL «OLYMP» Астанада заманауи медициналық зертхананы іске қосты

KDL «OLYMP» автоматтандырылған желінің тұсаукесер рәсімі

«OLYMP» клиникалық диагностикалық зертханасы Астанада инновациялық медициналық зертханалық кешеннің тұсаукесерін өткізді.

Кешеннің жалпы ауданы 3300 шаршы метрді құрайды. Мұнда бірнеше ғимаратта клиникалық диагностикалық, микробиологиялық, паразитологиялық, гистологиялық, молекулалық-генетикалық және хроматографиялық-масса-спектрометриялық зертханалар орналасқан.