Желтоқсан науқаны! «Ревматологиялық» профилі 2024 жылғы 1 және 31 желтоқсан аралығында
Профиль ревматикалық және буын ауруларын анықтау үшін қан талдауын қамтиды
«Стандартты» профилі буындардағы қабынудың себебін анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық ақпарат береді.
Талдаулар тізімі:
- Жалпы қан талдауы
- Несеп қышқылы
- С-реактивті ақуыз
- Ревматоидты фактор (РФ)
- О антистрептолизині (ОАСЛ)
Бөлек-бөлек бағасы: 10 200 тг.
Науқан бойынша бағасы: 6 640 тг.
«Толық» профилі «Стандартты» профиліне кіретін барлық зерттеулерді, сондай-ақ иммундық мәртебені бағалауға арналған тесттерді қамтиды:
- комплементтің С3 компоненті
- комплементтің С4 компоненті
Бөлек-бөлек бағасы: 15 760 тг.
Науқан бойынша бағасы: 10 440 тг.
Жалпы қан талдауы - ағзаның жалпы жай-күйіне баға береді, қабыну процестерін анықтайды.
Несеп қышқылы - құяңды диагностикалауға және оның ағымын бақылауға көмектесетін көрсеткіш.
С-реактивті ақуыз - қабынудың ең сезімтал маркерлерінің бірі қабыну процестерінің белсенділігін анықтауға көмектеседі.
Ревматоидты фактор - ревматоидты артрит және басқа аутоиммунды ауруларды диагностикалаудың нақты көрсеткіші.
О антистрептолизині - стрептококк жұқпасымен байланысты ревматикалық зақымдануларды анықтау үшін маңызды талдау.
Комплементтің С3/С4 компоненті - буын қабынуының дамуына және ағзаның иммундық реакциясына тікелей қатысатын қан ақуыздары.
Ревматологиялық аурулардың негізгі белгілері:
- Буындардың ауыруы
- Қозғалыстардың бөгеліп қалушылығы
- Буындардың ісінуі және қызаруы
- Дене температурасының жоғарылауы немесе қалтырау
- Буындар аймағында қызару
Ревматологиялық аурулар:
Ревматоидты артрит
- Негізінен ұсақ буындарға әсер ететін созылмалы қабыну ауруы. Ол ауырсынумен, қаттылықпен және ісінумен сипатталады.
Құяң
- Қандағы несеп қышқылының жоғарылауымен байланысты ауру, бұл буындарда тұздардың жиналуына алып келеді.
Реактивті артрит
- Жұқпалы аурулардан кейінгі асқыну ретінде дамиды.
Жүйелі қызыл жегі
- Иммундық жүйе өз тіндеріне шабуыл жасайтын аутоиммунды ауру.