Кері қайту
бастап01.02.2025дейін28.02.2025
6 күнқалды

Ақпан науқаны! «Кардио тәуекел» профилі 2025 жылғы 1 және 28 ақпан аралығында
19,200 ₸ орнына28,120 ₸
Сіздің жүрегіңіз - бұл үнемі диагностикаға мұқтаж қозғалтқыш
«Кардио тәуекел стандартты» профилі:
- Триглицеридтер
- Жалпы холестерин
- Холестерин-ЛПВП
- Холестерин-ЛПНП
- Глюкоза
- Атерогенділік индексі
Бөлек-бөлек бағасы: 7 500 тг
Науқан бойынша бағасы: 4 700 тг
«Кардио тәуекел толық» профилі «Стандартты» профиліне кіретін барлық талдауларды қамтиды, сондай-ақ
- Аполипопротеин А1
- Аполипопротеин В
- Кардио С-реактивті ақуыз (жоғары сезімтал)
Бөлек-бөлек бағасы: 15 440 тг
Науқан бойынша бағасы: 10 300 тг
«Кардио тәуекел кеңейтілген» профилі «Толық» профиліне кіретін барлық талдауларды қамтиды, және:
- Тропонин-I
- Липопротеин (а)
Бөлек-бөлек бағасы: 28 120 тг
Науқан бойынша бағасы: 19 200 тг
Жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА) - жүрек пен қан тамырларына әсер ететін аурулар тобы:
- жүректің ишемиялық ауруы
- бас миы қан тамырлары ауруы
- шеткері артериялар ауруы
- жүректің ревматикалық ауруы
- туа біткен жүрек ауруы
ЖҚА дамуының негізгі себептері:
- Дұрыс тамақтанбау
- Аз қозғалмалы өмір салты
- Темекі шегу және алкогольді шамадан көп тұтыну
- Күйзеліс
- Генетикалық бейімділік
Триглицеридтер
- атеросклероздың дамуына қатысатын майлар. Триглицеридтердің жоғары деңгейі атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына алып келуі мүмкін.
Жалпы холестерин
- ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық компоненті. Артық холестерин атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына әкеледі. Холестеринді шартты түрде 2 түрге бөлуге болады: "пайдалы" - ЛПВП және "зиянды" - ЛПНП.
Холестерин-ЛПВП
- антиаллергенді қасиеттері бар холестерин түрі. ЛПВП тамырлардан артық холестеринді кетіруге көмектеседі, түйіншектердің пайда болу қаупін төмендетеді.
Холестерин-ЛПНП
- атеросклеротикалық түйіншектерді қалыптастыратын холестерин түрі. ЛПНП деңгейінің жоғарылауы қан тамырларының қабырғаларында холестериннің жиналуына ықпал етеді, бұл ЖҚА қаупін арттырады.
Глюкоза
- қандағы глюкозаның артық деңгейі қант диабетінің болуын көрсетуі мүмкін. Қант диабеті ЖҚА дамуының маңызды қауіп факторы болып табылады.
Аполипопротеин А1
- атеросклероздың дамуын болдырмау үшін қажетті зат. Ол ЛПВП негізгі ақуызы болып табылады.
Аполипопротеин В
- ағзадағы холестериннің жиналуына ықпал ететін зат. ЛПНП негізгі ақуызы болып табылады және "жаман" холестеринді тасымалдайтын бөлшектердің санын көрсетеді.
С- реактивті ақуыз (жоғары сезімтал)
- атеросклероздың ауырлығын көрсетеді. Бұл ақуыздың жоғарылауы қан тамырларының зақымдалуымен байланысты ағзадағы қабыну процестерінің болуын көрсетеді.
Тропонин I
- қандағы, соның ішінде сау адамдарда жүрек тропонин-I концентрациясының өте төмен деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қандағы тропонин-I деңгейіне байланысты жүрек-қан тамырлары қаупі төмен, орташа және жоғары болуы мүмкін.
Липопротеин (а)
- жоғары деңгей атеросклероздың және онымен байланысты аурулар дамуының тәуелсіз қауіп факторы болып табылады