Кері қайту
бастап01.02.2025дейін28.02.2025
6 күнқалды

Ақпан науқаны! «Бүйректі тексеру» профилі 2025 жылғы 1 және 28 ақпан аралығында
10,000 ₸ орнына15,600 ₸
Ісіну, шаршау, қысым мазалайды ма? Мүмкін сіздің бүйрегіңіз көмекке мұқтаж шығар
Профиль құрамы:
- Креатинин
- Несепнәр
- Калий
- Натрий
- Жалпы кальций
- Магний
- Фосфор
- Жалпы несеп талдауы
- Альбумин/креатинин арақатынасы (ACR)
Бөлек-бөлек бағасы: 15 600 тг.
Науқан бойынша бағасы: 10 000 тг
Бүйрек ағзада маңызды функцияларды орындайды:
- Қанды сүзу және токсиндерді шығару
- Су-тұз теңгерімін реттеу
- Күретамырлық қысымды қолдау
- Гормондарды түзуге қатысу
Бүйрекпен байланысты ықтимал мәселелерді көрсететін белгілер:
- Беттің, қолдың, аяқтың ісінуі
- Несеп түсінің өзгеруі
- Бел аймағындағы ауырсыну
- Шаршағыштық және әлсіздік
- Жоғары күретамырлық қысым
Креатинин
- Бұлшықеттердегі креатинфосфаттың ыдырау өнімі. Қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы бүйрек функциясының төмендеуін көрсетеді.
Несепнәр
- Ақуыз алмасуының түпкілікті өнімі. Оның деңгейінің жоғарылауы бүйректің сүзу қабілетінің бұзылуын көрсетеді.
Калий
- Бұлшықеттер мен жүйке жүйесінің жұмысына қатысатын электролит. Бүйрек ағзадағы калий деңгейін реттейді, оның артық немесе тапшы болуы бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.
Натрий, Кальций
- Натрий мен калийдің теңдестірілген деңгейі бүйрек саулығының негізгі аспектісі болып табылады, тым жоғары немесе тым төмен деңгейі гипернатриемияға (қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы), гипонатриемияға (натрий деңгейінің төмендеуі), гиперкальциемияға әкелуі мүмкін.
Магний
- Биохимиялық реакцияларға қатысатын минерал. Оның деңгейінің бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.
Фосфор
- Сүйек тінінің қалыптасуы үшін маңызды элемент. Бүйрек оның деңгейін реттейді және ауытқулар бүйрек ауруларын білдіруі мүмкін.
Жалпы неесеп талдауы
- Несептің физикалық-химиялық қасиеттерін бағалауға, қабыну процестерінің болуын анықтауға мүмкіндік береді, бүйрек қызметін бағалау үшін де маңызды болып табылады.
Альбумин/креатинин арақатынасы
- Әсіресе қант диабеті немесе гипертониямен ауыратын емделушілерде бүйрек зақымдануын ерте анықтау үшін қолданылатын көрсеткіш.
Бүйрек аурулары:
Бүйректің қабыну аурулары
- Пиелонефрит – тостағанша-бүйректік жүйеге әсер ететін бүйректің бактериялық қабынуы.
- Гломерулонефрит – бүйрек шумақтарының сүзілуін бұзатын олардың қабынуы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
- Жіті бүйрек жеткіліксіздігі (ЖБЖ) – бүйрек функциясының кенеттен бұзылуы, соның салдарынан ағза токсиндерді шығара алмай қалады.
- Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) – бүйрек функциясының біртіндеп нашарлауы, бұл қанда зиянды заттардың жиналуына алып келеді.
Бүйректегі тастар
- Зат алмасудың бұзылуына байланысты бүйректе қатты кристалдардың (тастардың) пайда болуы.
Бүйрек поликистозы
- Бүйректе олардың жұмысына кедергі келтіретін жылауықтар пайда болатын тұқым қуалайтын ауру.
Диабеттік нефропатия
- Бүйрек тамырларының зақымдануына байланысты қант диабеті кезінде дамиды.
Гипертониялық нефропатия
- Ұзақ уақыт бойы жоғары күретамырлық қысымға байланысты бүйректің зақымдануы.
Подагралық нефропатия
Бүйректе несеп қышқылының жиналуына байланысты подагра кезінде пайда болады.