Кері қайту
бастап01.11.2024дейін30.11.2024
Науқан аяқталды

Қараша науқаны! Beauty «Сұлу тері» профилі 2024 жылғы 1 және 30 қараша аралығында

14,500 ₸ орнына21,940 ₸

Тері балғындығын жоғалтып, акне мен безеулердің пайда болғанын байқай бастадыңыз ба? Профиль бет терісімен мәселелердің себептерін анықтап білуге көмектеседі.

Профиль құрамы:

  • ТТГ (ультрасезімтал)
  • Ферритин
  • Эстрадиол
  • Тестостерон
  • ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат)
  • IgЕ (Е иммуноглобулині)
  • Гликозилденген гемоглобин
  • Жалпы ақуыз

 

Бөлек-бөлек бағасы: 21 940 тг.

Науқан бойынша бағасы: 14 500 тг.

 

Сіз теріңізге күтім жасап, дұрыс тамақтанасыз, бірақ тері әлі де бөртпелер мен құрғақтықтан зардап шегеді. Мұның себебі микроэлементтердің тапшылығы немесе гормоналды теңгерімсіздік болуы мүмкін. 

ТТГ

  • Гормоналды теңгерім терінің тонусына, майлануға, құрғақтыққа, безеудің пайда болуына әсер етеді. Егер сіз теріңіздің анағұрлым құрғақ бола бастағанын, ешқандай көрнекі себепсіз безеулердің пайда бола бастағанын байқасаңыз, онда ТТГ тексерген жөн.

Ферритин 

  • Темір қорының көрсеткіші терінің жай-күйіне тікелей байланысты. Темірдің тапшылығы бозаруға, құрғақтыққа және күңгірттікке әкелуі мүмкін. Егер сіздің көзіңіздің асты көк болса, теріңізде шаршау белгілері байқалса, онда бұл себептердің бірі ферритиннің төмен деңгейі болып табылады.

Эстрадиол 

  • Терінің серпімділігін, ылғалдылығын және біркелкі түсін сақтауға көмектеседі. Эстрадиолдың төмен деңгейі құрғақтыққа, тері өңінің бозаруына және әжімдердің пайда болуына алып келеді.

Тестостерон, ДГЭА-сульфат 

  • Тестостерон мен ДГЭА шамадан артық болуы май бездері белсенді жұмыс істеуіне әкеледі, бұл теріні майлы, безеулерге, қабынуға бейім етеді.

Е иммуноглобулині

  • Ige деңгейі аллергияны көрсетеді (косметика, тұрмыстық химия), теріде қызару, бөртпе түрінде байқалады.

Гликозилденген гемоглобин

  • Жоғары деңгейі гликация процесіне байланысты бет терісіне нашар әсер етеді.Гликация коллагенді анағұрлым қатты етеді, бұның себебінен тері икемділігі мен серпімділігін жоғалтады.

Жалпы ақуыз

  • Тері жасушаларының регенерациясы мен қалпына келуі үшін қажет. Ақуыз тапшылығы күңгірттікпен, серпімділіктің жоғалуымен, қабынуға бейімділікпен қатар жүреді.

 

Профильде гормондар болғандықтан, әйелдерге профильді циклдің 3-7-ші күні тапсыру керек.

Алу материалы: күретамыр қаны

 

Науқан бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ барлық емдеу бөлмелерінде қолжетімді.