Кері қайту
бастап01.11.2024дейін30.11.2024
Науқан аяқталды

Қараша науқаны! Beauty «Шаш, тырнақ» профилі 2024 жылғы 1 және 30 қараша аралығында

20,500 ₸ орнына31,080 ₸

Шаш пен тырнақ сұлулығы үшін ағзада не жетіспейтінін біліп алыңыз. Шаш пен тырнақ мәселелерінің себептерін білуге көмектесетін 11 талдаудан құралатын профильді ұсынамыз.

Профиль құрамы:

  • 25-OH D дәрумені
  • ТТГ
  • В12 дәрумені
  • Фолий қышқылы
  • Ферритин
  • Темір
  • Жалпы кальций 
  • ЖҚТ
  • C-реактивті ақуыз (СРА)
  • Кортизол
  • ДГЭА

 

Бөлек-бөлек бағасы: 31 080 тг.

Науқан бойынша бағасы: 20 500 тг.

 

Шаштың түсіп, ұштала, сынғыш бола бастағанын немесе тырнақтың тым жұмсақ болып, оңай сына бастағанын байқаған жағдайды есіңізге түсіріңізші. Мүмкін, сіз күтім жасауға арналған басқа құралдарды қолдана бастадыңыз немесе диетаңызды өзгерткен шығарсыз. Бірақ бұның себебі дәрумендердің, минералдардың тапшылығы, гормондардың жұмысындағы бұзылулар болуы мүмкін

 

D дәрумені

  • Фолликулаларды белсенді фазада (анагенде) ұстап тұру арқылы шаштың өсуін реттейді, бұл шаш түсуін болдырмауға көмектеседі. Тапшылығы шаштың әлсіреуіне және түсуіне әкелуі мүмкін.
  • Тырнақтың негізгі компоненті кальцийдің сіңуіне ықпал етеді. Тапшылығы баяу өсу және сынғыштық түрінде байқалады.

ТТГ

  • TТГ деңгейінің өзгеруі метаболизмнің баяулауына алып келеді, шаштың өсуіне теріс әсер етеді. Шаш түсуінің бір себебі гипотиреоз болып табылады.
  • Гипотиреоз кезінде, тырнақ құрғақ, сынғыш бола бастайды, баяу өседі.

B12 дәрумені

  • Шаш фолликулаларына оттегінің тасымалдануына жауап береді.Тапшылығы анемияға алып келеді, фолликулалардың оттегімен қамтамасыз етілуіне нашар әсер етеді, соның салдарынан өсу баяулайды, шаш түсе бастайды.
  • Тапшылығы кезінде, тырнақ жасушаларының қоректенуі нашарлайды, бұл тырнақ түсінің өзгеруіне, сынғыштығына себеп болады.

Фолий қышқылы

  • Бас терісі жасушаларының, шаш фолликулаларының бөлінуіне қатысады. Тапшылығы баяу өсу және жұқару түрінде байқалады.
  • Тырнақ жасушаларының бөлінуіне ықпал етеді, бұл кератин үшін маңызды болып табылады, себебі тырнақ содан құралады. Тапшылығы кезінде, тырнақ баяу өседі.

Темір, ферритин

  • Темірді сақтауға жауапты ақуыз. Темір шаш фолликулаларының өсуі мен қалпына келуі үшін қажет. Ферритиннің төмен деңгейі шаштың түсуіне алып келеді, себебі бас терісі мен шаш жасушалары оттегімен және қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілмейді.
  • Тырнақ пластинасының жасушаларын қоректендіруде маңызды рөл атқарады. Тапшылығы тырнақтың бозаруына, сынғыш болуына себеп болады.

Кальций

  • Тері жасушаларының қалыпты жұмысына ықпал етеді. Тапшылығы бас терісінің құрғақтығы мен қышуын тудырады.
  • Тырнақтың негізгі компоненттерінің бірі. Тапшылығы кезінде олар жұқа, сынғыш және қабыршақтануға бейім келеді.

ЖҚТ

  • Ағзаның жалпы жай-күйін бағалауға арналған талдау.

C-реактивті ақуыз

  • СРА ағзадағы қабынуды көрсетеді, тапшылығы шаш фолликулалары мен тырнақ пластиналарына теріс әсер етеді.

Кортизол

  • Тамыр тарылтқыш әсерді тудырады, фолликулаларды жеткілікті қоректендірмеуге әкеледі. Ұзақ күйзеліс кезінде, шаш түсе бастайды.
  • Ұзақ күйзеліс жасушаларды қалпына келтіру процестерін баяулатады, бұл тырнақтың әлсіреуіне әкеледі.

ДГЭА

  • Тығыздық пен құрылымға әсер етеді. Тапшылығы кезінде, шаш жұқа және әлсіз болады.
  • Жасушалық жаңаруды қолдайды, тапшылығы тырнақтың баяу өсуіне себеп болады.

 

ТГГ, Кортизол және ДГЭА циклге қарамастан, тапсырылады.

Алу материалы: күретамыр қаны

 

Науқан бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ барлық емдеу бөлмелерінде қолжетімді.