Кері қайту
бастап01.10.2024дейін31.10.2024
15 күнқалды

Қазан айы науқаны! "Қалқанша безі. Толық" профилі 2024 жылғы 1 және 31 қазан аралығында

9,500 ₸ орнына14,400 ₸

Қалқанша безі - үлкен жұмысты атқаратын шағын орган: заталмасуды реттейді, эмоциялық жай-күйге әсер етеді. 

Қалқанша безі қызметінің бұзылуы ауыр ауруларға әкелуі мүмкін, соның ішінде: гипотиреоз, гипертиреоз, аутоиммунды тиреоидит, тиреотоксикоз және тағы басқалар.

 

Науқан бойынша бағасы: 9 500 тг.

Бөлек-бөлек бағасы: 14 400 тг.

 

Профиль келесі талдауларды қамтиды:

  • ТТГ (тиреотропты гормон)
  • Бос Т4
  • Бос Т3
  • Анти-ТПО (тиреопероксидазаға антиденелер)
  • Анти-ТГ (тироглобулинге антиденелер)

«Қалқанша безі» профилі қалқанша безі қызметінің бұзылуын анықтауға, сондай-ақ емдеу тиімділігін бақылауға көмектеседі.

 

ТТГ

Қалқанша безінің жұмысын бақылайтын негізгі гормондардың бірі болып табылады. Оны гипофиз түзеді және Тироксин (Т4) және Трийодтиронин (ТЗ) гормондарының түзілуін реттейді.

  • TТГ деңгейінің жоғарылауы гипотиреозды - қалқанша безі аз белсенді жұмыс істейтін жағдайды білдіруі мүмкін. Бұл басқа да тән белгілермен бірге шаршағандық, көңіл-күйдің өзгеруі мен салмақ қосудан байқалуы мүмкін.
  • Нормадан төмен TТГ деңгейі гипертиреозды - қалқанша безінің шамадан тыс белсенділігін білдіруі мүмкін. Жүректің жиіленген соғысы, мазасыздық, ұйқысыздық және салмақ жоғалту.

Неліктен бұл талдауды тапсыру қажет?

Егер гормоналды теңгерімсіздікке күдік болса немесе үнемі шаршағандық, салмақпен мәселелер, көңіл-күйдің өзгеруі немесе өнімділіктің күрт төмендеуі сияқты өзгерістер байқалса, TТГ-ге талдау жасырын мәселелерді ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.

Гипертиреоз белгілері:

  • Жүректің жиіленген соғысы;
  • Жоғары күйгелектілік және мазасыздық;
  • Ешқандай себепсіз дене салмағын күрт жоғалту;
  • Ұйқысыздық және ұйқымен байланысты мәселелер;
  • Әлсіздік және тез шаршау;
  • Іштің өтуі;
  • Жарқын жарыққа сезімталдық;
  • Көру қабілетінің нашарлауы.

Гипотиреоз белгілері:

  • Терінің құрғақтануы және қабыршақтануы;
  • Іш қатуға бейімділік;
  • Суыққа төзбеушілік;
  • Ісіну;
  • Шаштың түсуі;
  • Үнемі әлсіздік және қатты шаршау;
  • Әйелдерде етеккір циклінің бұзылуы.

 

Бос Т4

Жалпы метаболизмді қолдауға жауап беретін қалқанша безінің екі негізгі гормонының бірі болып табылады.

Т4 функциялары:

  • Метаболизмді реттейді және салмақ пен дене температурасын бақылауға көмектеседі.
  • Жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын қолдайды және ағзаның өсуі мен дамуына қатысады.
  • Әсіресе балалардағы жүйке жүйесінің дұрыс қалыптасуы және ересектерде когнитивті функцияларды сақтау үшін маңызды.

Неліктен бұл талдауды тапсыру қажет?

Қалқанша безінің гормондарды қаншалықты белсенді түзетінін және емдеуді түзету қажеттілігін анықтауға көмектеседі. T4 деңгейіндегі ауытқулар салмақтың өзгеруі, көңіл-күйдің тұрақсыздығы түрінде байқалуы мүмкін.

 

Бос Т3

Ағзадағы барлық дерлік процестерге, соның ішінде зат алмасудың жылдамдығына, жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер ететін гормон болып табылады.

T3 деңгейі қашан көтеріледі?

Бұл, әдетте, гипертиреозды көрсетеді. Ағза максималды жылдамдықпен жұмыс істейді, бұл тахикардияға, ұйқысыздыққа, қолдың дірілдеуіне, дене салмағының күрт төмендеуіне алып келеді.

T3 деңгейі қашан төмендейді?

Гипотиреозда жиі кездеседі және энергияның төмендеуінен, ойлау процестерінің баяулауынан және көңіл-күйдің нашарлауынан байқалуы мүмкін.

 

Анти-ТПО

Қалқанша безінің аутоиммунды ауруларын анықтауға көмектесетін көрсеткіш болып табылады.

Анти-ТПО жоғары деңгейі иммундық жүйенің өз қалқанша безіне шабуыл жасай бастағанын көрсетеді, бұл келесі аурудың туындауына әкелуі мүмкін:

  • Хашимото тиреоидиті
  • гипотиреоз
  • гипертиреоз.

Бұл талдау аутоиммундық бұзылуларға күдік туындаған кезде, міндетті болып табылады.

 

Анти-ТГ

Т3 және Т4 гормондарының синтезінде шешуші рөл атқаратын тироглобулин ақуызына антиденелер болып табылады. Анти-ТГ жоғары деңгейі Хашимото  ауруы және Грейвс ауруы сияқты аутоиммунды аурлардың барын білдіруі мүмкін.

Неліктен бұл талдауды тапсыру қажет?

Қалқанша безінің жұмысындағы жасырын аутоиммундық бұзылуларды айқын белгілер пайда болғанға дейін анықтауға көмектеседі.

 

Науқан бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ барлық емдеу бөлмелерінде қолжетімді.