Кері қайту
бастап08.08.2024дейін31.12.2024
40 күнқалды

Жаңалық! «Биохимия» чекапы

33,600 ₸ орнына42,140 ₸

28 биохимиялық қан талдауынан тұратын кешенді зерттеу

 

Бөлек-бөлек бағасы: 42 140 тг.

Профильдегі бағасы: 33 600 тг.

 

Чекап 28 талдауды қамтиды:

  • Ферритин
  • Магний (Мg)
  • Темір (Fe)
  • Калий
  • Натрий
  • Хлор
  • Бейорганикалық фосфор
  • Жалпы кальций
  • Триглицеридтер
  • Жалпы холестерин
  • Холестерин-ЛПВП
  • Холестерин-ЛПНП
  • Аланинаминотрансфераза (АЛТ)
  • Аспартатаминотрансфераза (АСТ)
  • Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП)
  • Жалпы билирубин
  • Тікелей блирубин
  • Сілтілік фосфатаза
  • Глюкоза
  • Гликозилденген гемоглобин
  • Ұйқы безі альфа-амилазасы
  • Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)
  • Жалпы ақуыз
  • С-реактивті ақуыз
  • Ревматоидты фактор
  • Несепнәр
  • Несеп қышқылыКреатинин

 

Ферритинағзадағы темір қорын бағалауға көмектесетін құрамында темір бар негізгі ақуыз.

Магний (Mg) - тіс пен сүйектің құрамына кіреді. Магний тапшылығы (гипомагниемия) денсаулыққа байланысты ауыр мәселелердің туындауына себеп болады.

Темір (Fe) - гемоглобин түзуге және оттегін тасымалдауға қажетті маңызды элемент.

Калий - бұлшықеттер мен жүйкелердің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті электролит.

Натрий - сулы және қышқыл-сілтілік теңгерімді сақтайтын маңызды электролит.

Хлор - ағзада судың теңгерімін сақтауда шешуші рөл атқаратын электролит.

Бейорганикалық фосфор - сүйек пен тістің қалыптасуы, сондай-ақ энергетикалық алмасу үшін маңызды элемент.

Жалпы кальций - сүйек саулығы, бұлшықет және жүйке қызметі үшін маңызды минерал.

Триглицеридтер - қан құрамындағы майлар, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін олардың деңгейін бақылау маңызды.

Жалпы холестерин - жасуша мембраналарын қалыптастыру және гормондарды синтездеу үшін қажетті липид.

Холестерин-ЛПВП - қандағы артық холестеринді кетіруге көмектесетін «жақсы» холестерин.

Холестерин-ЛПНП - күретамырларда жиналып, атеросклероз тудыруы мүмкін «жаман» холестерин.

Аланинаминотрансфераза (АЛТ) - фермент, оның жоғарылауы бауырдың зақымдануын көрсетуі мүмкін.

Аспартатаминотрансфераза (АСТ) - жүрек немесе бауыр зақымданған кезде, деңгейі жоғарылауы мүмкін фермент.

Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП) - бауыр немесе өт жолдарының ауруларын көрсететін фермент.

Жалпы/тікелей билирубин - гемоглобиннің ыдырауынан пайда болатын пигмент, оның жоғарылауы бауырмен байланысты мәселелерді көрсетуі мүмкін.

Сілтілік фосфатаза - бауырдың, өт жолдарының және сүйектердің жұмысымен байланысты фермент.

Глюкоза - ағза үшін негізгі энергия көзі, қант диабетін диагностикалау және бақылау үшін оның деңгейін бақылап отыру маңызды.

Гликозилденген гемоглобин - соңғы 2-3 айда қандағы глюкозаның орташа деңгейін көрсеткіш.

Ұйқы безі альфа-амилазасы - ұйқы безінің функциясымен байланысты фермент. Қабыну процестері немесе өттің ағып шығуындағы бұзылыстар аясында оның концентрациясы жоғарылайды.

Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) - сүт қышқылын пируватқа айналдыруға қатысатын құрамында мырыш бар жасушаішілік фермент. Ағзаның барлық дерлік жасушаларында болады, бірақ қаңқа бұлшықетінде, жүрек бұлшықетінде, бүйректе, бауырда және қызыл қан жасушаларында белсенді жұмыс істейді.

Жалпы ақуыз - жалпы деннің саулығын бағалау үшін маңызды көрсеткіш.

С-реактивті ақуыз - қабыну маркері, оның деңгейінің жоғарылауы қабыну процесінің болуын көрсетуі мүмкін.

Ревматоидты фактор - аутоиммунды аурулармен байланысты маркер.

Несепнәр - бүйрек функциясы мен ақуыз алмасуының жай-күйін көрсеткіш.

Несеп қышқылы - пуриннің ыдырау өнімі, оның деңгейінің жоғарылауы подагра немесе бүйрекке байланысты мәселелердің барын көрсетуі мүмкін.

Креатинин - бүйрек функциясының көрсеткіші.

 

Талдауларды профильде және чекапта тапсыру, бөлек-бөлек тапсырғаннан гөрі, тиімдірек