Кері қайту
бастап18.07.2024дейін31.12.2024
4 күнқалды

Жаңа профилі! Балаларға арналған- супербағамен 4 талдау

4,280 ₸ орнына5,360 ₸

ОЛИМП КДЛ-де 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы «Балаларға арналған» бейіні енгізілгенін қуана хабарлаймыз.

 

Бөлек-бөлек бағасы: 5360 тг.

Бейіндегі бағасы: 4280 тг.

 

Профиль құрамы:

  • Ағзаның жалпы жай-күйін, жіті қабыну реакцияларының болуын бағалау үшін лейкоциттік формуласы (ҚЖТ) + ЭТЖ бар қанның клиникалық талдауы. ҚЖТ көрсеткіштері: гемоглобин, эритроциттердің саны, түрлі-түсті көрсеткіш, тромбоциттер мен лейкоциттердің саны, лейкоциттік формула, эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)
  • Нәжісті қарапайымдылар мен гельминттерге қолмен зерттеу-описторхи, дикроцелия, фасциола, шошқа және бұқа таспа құрттары, ергежейлі таспа құрт, кең таспа құрт, қамшы құрт, дөңгелек құрт, қылдырықбас, бөсір, анкилостома, лямблия қабықшалары және ішек амебасы сияқты төменгі асқазан-ішек жолдарында тұратын паразиттерді анықтайды
  • Перианалды қырындыны қолмен энтербиоз әдісімен зерттеу - бұл түйір құрт жұмыртқалардың болуын диагностикалауға көмектесетін талдау, өйткені ұрғашылары жұмыртқаларды нәжісте емес, артқы жолдың айналасына жинайды..
  • Несептің жалпы талдауы - несеп бөлу жүйесінің бұзылуын көрсетеді.

Профильде жеңілдік картасы бойынша жеңілдіктер және Балаларға қосымша 5% жеңілдік бар.

Бейін келесі қалаларды қол жетімді:

  • Астана қаласы
  • Қарағанды қаласы
  • Атырау қаласы
  • Алматы қаласы
  • Ақтау қаласы
  • Петропавл қаласы
  • Орал қаласы
  • Шымкент қаласы
  • Павлодар қаласы
  • Ақтөбе қаласы
  • Түркістан қаласы
  • Қостанай қаласы
  • Семей қаласы
  • Көкшетау қаласы
  • Өскемен қаласы
  • Алматы облысы
  • Тараз қаласы

МАҢЫЗДЫ! Нәжісті қарапайымдыларға және гельминттерге зерттеудің бір реттік теріс нәтижесі, перианалды қырындыны қолмен энтеробиозға зерттеу паразиттер инвазиясының толығымен жоқтығын жоққа шығармайды, өйткені гельминттер мен қарапайымдар жұмыртқаларының саны мен анықталу ықтималдығы олардың алу сәтіндегі көбею фазасына байланысты болады.

Бейін мекеменің талабы бойынша ауруханаға жатқызу алдында жалпы білім беретін мекемелерге (мектеп, балабақша), бассейнге, лагерьге бару үшін медициналық тексеру және медициналық құжаттаманы ресімдеу шеңберінде пайдаланылуы мүмкін.