Қуық асты безінің қатерлі ісігі (ҚАБҚІ) - бұл қатерлі ісіктердің бірі және бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруынан өлімінің ең көп тараған себебі. Бастапқы кезеңдерде ауру белгілерсіз немесе созылмалы простатит, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы сияқты ілеспе, жиі кездесетін патологияларға байланысты симптомдармен жүруі мүмкін. ҚАБҚІ ерте диагностикасы емделушілердің толық қалпына келуіне ықпал ететін уақтылы емдеуге мүмкіндік береді.
Соңғы онжылдықтарда простата спецификалық антиген (ПСА) простата обырының кеңінен қолданылатын жалғыз маркері болды. Тіндер мен қанда жаңа ҚАБҚІ маркерлерін іздеу нәтижесінде бірнеше технологиялар қолданылды, бұл өз нәтижесін берді.
ҚАБҚІ бар емделушілерде зәрдегі TMPRSS2-ERG немесе T2E генінің экспрессиясының жоғарылауы анықталды. Tomlins SA бастаған ғалымдар тобы өз зерттеулерінде қуық асты безінің қатерлі ісігінің 55%-на дейін ERG шамадан тыс экспрессиясы бар деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, көптеген ісіктердегі ERG шамадан тыс экспрессиясы ERG генінің TMPRSS2 (TMPRSS2-ERG гені) синтезіне байланысты.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері TMPRSS2-ERG гені негізінен ҚАБҚІ кезінде анықталғанын көрсетті.