Ұрықтың құрсақішілік даму барысында асқазан-ішек жолының жасушаларымен өндірілетін 72-4 көміртек антигені. Сондай-ақ болар-болмас мөлшерде ересектер ағзасында кездесуі мүмкін.
Қанда СА 72-4 деңгейі кейбір онкологиялық аурулар кезінде күрт жоғарлайды, бұл антигенді онкомаркер ретінде жіктейді. Онкомаркер – әртүрлі ісіктері бар адамдардың қанында көп мөлшерде анықталатын арнайы нәруыз.
Зерттеулер көрсеткендей, CA 72-4 концентрациясының жоғарылауының ең ықтимал себебі – асқазанның обыры, екінші орында – аналық безінің обыры. Басқа мүшелердің ісіктері бірдей төмен арақатынаста анықталады.
Онкомаркерлердің зерттеу мәліметтерін ғана қолдана отырып, обыр диагнозын (қатерлі ісік) қоюға болмайды! Талдау көптеген адамдар ішінен минимальды қаржылық шығынмен, бірақ күрделі диагностикалық маңызды зерттеуді қажет ететін бір топтарды анықтау үшін қажет.
Онкологиялық үрдіс нақтыланғаннан кейін және оның хирургиялық емі жүргізілген жағдайда антигеннің концентрациясы емдеу тиімділігінің және метастаздардың жоқтығы диагностикалық белгісі бола алады, оның емдеуден кейінгі деңгейі минимальды болуы керек.
Дегенмен, обыр – әрдайым СА 72-4 мөлшерінің жоғарлауына себеп бола бермейді. Ұйқы безінің қабынуы, бауыр циррозы, өкпенің жедел қабынуы, аналық безінің жылауығы (киста), аутоиммунды аурулар және басқа да аурулар да ағзада СА 72-4 пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз: «Онкомаркерлер не туралы айта алады», «Қатерлі ісіктің 10 негізгі белгілері туралы білу керек»