Кері қайту
р53 аутоантидене

p53 ісіктік супрессор ісіктер дианостикасында ерекше қызығушылықты туғызады. p53 генінің альтерациясы әртүрлі ұлпалардан туындаған негізгі ісіктер түрінің шамамен 60 пайызында анықталады. p53 ген альтерациясының аса жиі түрі нүктелік миссенс-мутациясы болып табылады. Бұл ісік жасушаларында p53 нәруызының патологиялық жинақталуына (аккумуляциясына) әкеледі. Кейбір емделушілерде p53 қызыметінің бұзылысынан әлі белгісіз механизм бойынша иммундық жауап дамиды. Онкологиялық науқастардың сарысуында p53 аутоантиденелердің болуы иммундыгистохимиялық боялған p53 ісік ұлпасымен сәйкестіндірілген.  Сарысуда p53 аутоантиденелердің болуы p53 генінде нүктелік миссенс-мутацияның жанама нәтижелері болып табылады және p53 геніндегі мутацияның нақты айқындамаға байланысты болмайды. Көптеген зерттеулерде әртүрлі онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың сарысуындағы p53 нәруызына антиденелерді анықтау сипатталған. P53 геніндегі өзгерістер онкогенездің ерте сатысында анықталуы мүмкін. Гепатоцеллюлярлы карциномамен ауыратын науқастарда p53 аутоантиденелері АФП деңгейіне қарамастан анықталатыны көрсетілген. P53 аутоантиденелері асимптоматикалық науқастарда да анықталуы мүмкін. P53 үшін аутоантиденелер тәуелсіз диагностикалық маркер болып табылады. Олардың болуы ісіктің неғұрлым агрессивті түрімен және емделушілердің рецидивсіз өмір сүру кезеңінің төмендеуімен байланысты. Осылайша, p53 антиденелері нашар болжаммен байланысты. Бұл маркер жоғарыспецификалы. Аутоиммунды патологиясы бар науқастарда ерекшелік болып табылады. Кейбір жағдайларда p53 аутоантиденелері жедел панкреатит кезінде анықталады. P53 аутоантиденелерін анықтау онкологиялық науқастарды бақылауда маңызды болуы мүмкін. Олар отадан кейін қайталануы бар науқастардың сарысуында жиі кездеседі. Қатерлі ісіктері бар науқастарда аутоантиденелер титрінің p53-ке өзгеруі байқалады, бұл аурудың прогрессиясымен немесе регрессиясымен байланысты. Осылайша, ауру ағымын және емдеу кезінде p53 аутоантиденелер деңгейін бақылау мүмкіндігі пайда болады.