Кері қайту
Тиреоглобулин (қалқанша безі)

Тиреоглобулин (ТГ) – қалқанша безінің гормон ізашары, одан трийодтиронин (Т3) және тироксин (Т4) гормондары түзіледі. Клиникалық тәжірибеде қалқанша безі обырының қауіп көрсеткіші онкомаркер ретінде қолданылады. Қалыпты жағдайда гормон тек қалқанша безінде (ҚБ) өндіріледі, қанағымына шамалы мөлшерде түседі. Тиреоидит (ҚБ қабынуы) және гипертиреоз кезінде деңгейінің аздап артуы мүмкін. Алайда гормонның айтарлықтай көп өндірілуі бездің қатерлі жасушаларында жүреді. Бұл жағдайда ТГ деңгейінің бірнеше деңгейге өседі. Тиреоглобулин концентрациясы мен ісіктің көлемі арасында сәйкестік бар.

ТГ шектен астам мөлшерінің анықталуы қалқанша безі обыры деген диагнозды қоюға құқық бермейді. Бұл тікелей онкоаурулардың келесі диагностикалау сатысы – пункциялық бипосияға көрсеткіш болып табылады. Жалған теріс нәтижеге әкелетін факторлар бар: ең көп тарағаны-тироглобулинге антиденелердің болуы, өйткені антиденелер осы қалқанша безінің гормонның ізашары (прогормонды) бұзады және оның концентрациясы өнімнің нақты деңгейінен төмен болады. Демек, ТГ және анти-ТГ бір уақытта тағайындалуы керек.

 Жалған теріс нәтиженің екінші нұсқасы сирек кездеседі, бірақ ол туралы ұмытпаған жөн. Тиреоглобулиннің ақаулы түрін өндіретін қалқанша безі обырының түрлері бар, оларды анализатор анықтай алмайды және оның жоқ екені туралы мәлімет береді. Ісіктің скринингтік диагностикасынан бөлек талдау емдеу тиімділігін бақылау үшін қолданылады: ісікті алып тастау жөнінде ота жасалғаннан кейін 6 аптадан соң тиреоглобулин деңгейі қалыпты мәнге келуі керек. Сондай-ақ оқыңыз: «Онкомаркерлер не туралы айтады», «Қатерлі ісіктің 10 негізгі белгілері туралы білу керек»