Кері қайту
S100 (меланома, ми)

S100 – кальций-байланыстырушы нәруыз, негізінен жүйке ұлпасының жасушаларында және тері жасушаларында (кератиноциттерде) болады. Өзінің атауын бірінші рет аммоний сульфатының 100% ерітіндісіндегі еритін нәруыз ретінде алды. Барлық нәруыздар сияқты бірқатар өміршең қызметтерді орындайды: құрылымдық, тасымалдаушы, жиырылғыш және т.б. («жалпы нәруыз» қараңыз). Демек, шамалы мөлшерде нәруыз кез келген дені сау адамда болады.

Қанда S100 концентрациясының патологиялық артуының екі негізгі себептері бар:

  • Жүйке ұлпасы жасушаларының жаппай өлуі және олардан S100 нәруызының көп мөлшерде қан ағымына шығуы;
  • Ағзада терінің қатерлі ісігі меланоманың болуы, ол қарқынды түрде S100 шығарады.

Жүйке жүйесі мен терінің мұндай байланысы эмбриональды кезеңде бұл ұлпалардың бір эктодермальды өскіннен дамитындығымен түсіндіріледі. S100 жоғарылауының себептеріне сүйене отырып, бұл талдаудың клиникалық мәні жүйке жасушаларының өлімімен сипатталатын ОЖЖ ауруларын (инсульт, бас миының жарақаты, Крейтцфельд-Якоб ауруы, нейродегенерация) және меланоманы диагностикалаудан тұрады.

Өкпенің, асқазан-ішек жолының, несеп-жыныс жүйесінің кейбір ауруларында S100 нәруыздың (0,4 мкг/л дейін) шамалы жоғарылауы мүмкін. 2,0 мкг/л дейін жоғарлауы өте ауыр бактериалдық инфекция кезінде байқалады. 1-ші дәрежелі меланома кезінде қанда S100 әдетте қалыпты болады, ІІ-, ІІІ-ші дәрежелі меланомада осы онкомаркер бойынша 4-20 % жағдайлар анықталады. IV-ші дәрежеде қандағы S100 деңгейі 30-90% жағдайда жоғарлайды.

Само по себе обнаружение S100 в крови не может стать поводом для постановки диагноза. Результат анализа направляет врача на дальнейшую тактику диагностики. Большим значением анализа является возможность наблюдение за эффективности лечения и выявление рецидива заболевания. В этих случаях концентрация S100 будет изменяться в сравнении с уровнем до начала лечения.

Читайте также: «Онкомаркерлер не туралы айта алады», «Қатерлі ісіктің 10 негізгі белгілері туралы білу керек».