Кері қайту
Антиген СА 125 (аналық бездері)

Көмірсулы антиген 125 – аналық без обырының арнайы онкомаркері. СА-125 сау жатырдың эндотеиальді ұлпасында болады, бірақ қан ағымына антигеннің түсуі физиологиялық тосқауылдардың арқасында іс жүзінде мүмкін емес. Дегенмен, СА -125 деңгейінің айтарлықтай жоғарлауы аналық без обырының жоғары ықтималдығын көрсетеді.

Көбінесе онкомаркерлер мұндай қауіпті ауруды клиникалық көріністерге дейінгі сатыда анықтауға көмектеседі. Талдаудың баға және ақпараттық сапасының арақатынасы есебінен СА -125 аналық без обырының жоғары қауіпі бар емделуші топтардың арасынан анықтау үшін скринингтік сынақ болып саналады. Яғни, антиген диагнозды растамайды немесе жоққа шығармайды, бірақ ол түбегейлі тексерудің қажеттілігін көрсетеді.

Ісікті анықтаған кезде және оны хирургиялық емдеу кезінде СА – 125 емдеудің тиімділігін қадағалау үшін қажет: оның концентрациясы дереу төмендеуі керек. Концентрациясы қайталанып жоғарылайтын болса, онда ол аурудың қайталануы немесе метастаздардың болуы туралы айтады. Толық сауығу кезінде СА-125 мөлшері нөлге жақын келеді.

Помимо онкологических причин обнаружения СА-125 выше нормы, существует еще ряд причин, по которым возможны подобные результаты обследования: например, в период менструации СА-125 все же проникает в кровь из эндотелия матки, и его концентрация может увеличиваться. Шанс ложноположительного результата появляется при беременности, заболеваниях печени, при эндометриозе.