Флороценоз-Микоплазма (Ureaplasma parvum, Ureaplasma urealiticum, Mycoplasma hominis), ДНК-ның сандық мөлшерін анықтау
Микоплазмоз – белгілі бактериялардың ішіндегі ең кішісі микоплазмалардың көбеюі кезінде дамитын жұқпалы қабыну ауруы. Зерттеу генитальдық микоплазмалардың үш шартты-патогенді түрін сандық форматта анықтауға мүмкіндік береді. Микоплазмалардың түрлілік және сандық бағалауын жүргізген маңызды, өйткені үш түрлі микоплазманың патогенді әлеуеті әртүрлі. Неғұрлым микоплазма саны жоғары болса, соғұрлым патологиялық үрдістің даму ықтималдығы жоғары болады. Яғни микоплазмаларды сапалы анықтаудың іс жүзінде диагностикалық және клиникалық құндылығы жоқ.