Кері қайту
Лептин

Лептин – май жасушаларымен бөлінетін пептидтік гормон. Лептин энергетикалық алмасуды және ағзада майлардың ыдырауын реттейді; тәбеттің төмендеуін шақырып, тамақ қабылдауды азайта отырып дене салмағын реттеуге қатысады. Қандағы лептин құрамы семіздік артқан сайын жоғарлайды және май ұлпаларының мөлшері азайғанда төмендейді. Лептин деңгейінің артуы жүрек-қан тамырлар және тромбалық асқынулар қаупінің артуын айғақтайды. Дайындық Қанды таңертеңгі уақытта сағат 8 бен 11 аралығында аш қарында (су ішуге болады) тапсыру ұсынылады. Шамадан артық тамақтанудан, зерттеуге 1-2 күн қалғанда ішімдік ішуден бас тарту керек. Аштық кезінде көрсеткіштер төмен болуы мүмкін.