Кері қайту

Кардиоқауіп толық профилі (науқан)

Толық кардиоқауіп профилі келесі талдауларды қамтиды:

  • Триглицеридтер
  • Холестериннің жалпы көрсеткіші
  • Холестерин-ЛПВП
  • Холестерин-ЛПНП
  • Аполипопротеин А1
  • Аполипопротеин В
  • Глюкоза
  • С-реактивті ақуыз Кардио (жоғары сезімтал)
  • Атерогенділік индексі

Профиль жүрек-қан тамыры ауруларының даму қаупін, сондай-ақ қазірде бар патологиялардың ауырлығын көрсетеді. Профильдің 3 нұсқасы бар: стандартты, толық және кеңейтілген. 

  1. Триглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар.
  2. Жалпы холестерин - бұл ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық құрамдас бөлігі. Холестериннің шамадан артық болуы атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына әкеледі. Холестеринді шартты түрде 2 түрге бөлуге болады: «пайдалы» - ЖТЛП және «зиянды» - ТТЛП 
  3. ТТЛП – атеросклеротикалық түйіншіктерді құрайтын холестерин түрі.
  4. ЖТЛП-антиатерогендік қасиеттері бар холестерин түрі.
  5. Атерогенділік индексі (тегін) - атеросклероздың даму қаупінің дәрежесі.
  6. Глюкоза – қандағы глюкозаның артық болуы қант диабетін  көрсетуі мүмкін (барлық жағадйда емес) 
  7. Аполипопротеин А1 – атеросклероздың дамуын болдырмау үшін қажет зат
  8. Аполипопротеин В – организмде холестериннің жиналуына ықпал ететін зат.
  9. C - реактивті ақуыз кардио-атеросклероз ауырлығын көрсетеді.