"Бауырды тексеру" бейіні (акция)
«Бауырды тексеру» бейіні бауырдың жай-күйін кешенді профилактикалық диагностикалауға арналған. Берілген талдау спектрі бауырдың нақты қандай да бір ауруларын көрсетпейді, бірақ ол аса дәлдікпен бауырдың қызметін және бұрыннан белгілі аурудың айқындылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
- АЛТ, АСТ – бауыр жасушалары бұзылған кезде қан ағымына түсетін жасушаішілік ферменттер;
- Сілтілі фосфотаза – бауыр жасушаларының өлуі немесе өт шығару жолдарының бітелуі салдарынан қанда пайда болады;
- Альфа-амилаза – қандағы деңгейінің жоғарлауы ұйқы безінің, сондай-ақ өт жолдарының (мысалы: холецистит) аурулары үшін тән;
- Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП) – тағы бір жасушаішілік фермент, оның концентрациясы бауырдың көптеген ауруларында, сондай-ақ бауырға әсер ететін дәрі-дәрмек қабылдағанда жоғарлайды;
- Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) – аурудың ауырлық дәрежесінің көрсеткіші ретінде бауырдың жағдайын диагностикалауда ақпаратты болады;
- Жалпы нәруыз – бауыр қызметінің бірі – жаңа нәруыздық молекулалар жасау болып табылады. Бауыр аурулары кезінде қандағы нәруыз деңгейі күрт төмендейді;
- Альбумин – тіршілікке маңызды нәруыздың бірі, оынң мөлшері бауыр аурулары кезіде төмендейді. Альбуминдерді көк тамыр арқылы құю қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін талдау қажет етіледі;
- Жалпы және тікелей билирубин – бауырдың патологиялары кезінде алмасуы бұзылатын зат. Соның салдарынан «сарғаю» пайда болады. Осы көрсеткіштің ара қатынасы бойынша сарғаюдың себептерін болжауға болады. Айта кету керек, терінің сарғаюы билирубин концентрациясының шекті нормадан 2 есе артуынан пайда болады.