Кері қайту
Пролактин

Пролактин – гормон, негізгі нысана мүшесі болып сүт безі табылады. Пролактин босанғаннан кейін ана сүтінің (лактауция) дамуына және бөлінуіне қажет. Пролактиннің жасап шығарылуы гипофизда (бас миының безі) іске асырылады және емшек ұшының ареоласында орналасқан рецепторлармен қоса көптеген факторларды ынталандырады. Жаңа туған нәрестені анасының омырауына салған кезде бұл рецепторлар тітіркенеді, миға импульстар барып, пролактиннің бөлініп шығуы күшейгендіктен ана сүті пайда болады. Омыраудан сүттің шығуына басқа – окситоцин гормоны жауап береді.

Бүгінгі күні пролактин атқаратын 300 жуық қызметтері белгілі. («Пролактин и его рецепторы», С. Болле-Фейсот, В. Гоффин, 1998 жыл)

Жүктілік кезінде пролактиннің концентрациясы артады, алайда қанда прогестеронның болуына байланысты лактация туындамайды.

Прогестерон көп мөлшерде ұрықжолдаспен өндіріледі, бұл ағзадан босанғанна кейін шығады. Прогестерон концентрациясы біртіндеп төмендейді, бұл пролактин белсенділігін «бұғаттан шығарады». Қандағы пролактиннің жоғары деңгейі әйел адамның жүкті болмауына ықпал жасайды, бұл патологияда және қалыпты жағдайда (босанғаннан кейін физиологиялық лактациялық аменорея) болады.

Пролактин ұрық жасушасының жетілуіне жауап беретін фолликул жандандырушы гормонының (ФЖГ) өндірісін төмендетеді. Пролактин жыныстық қатынастан кейін сексуалдық қанағаттануды қамтамасыз етеді. Пролактиннің шамадан тыс жоғары деңгейі әйел адамдарда эстрогендердің төмендеуіне, ал ер адамдарда тестостеронның төмендеуіне ықпал жасайды, бұл либидо төмендеуін туғызып, белсіздікке (импотенция) әкеледі.