Кері қайту
Эстрадиол

Эстрадиол – әйелдің аналық безінен және екі жыныста да бүйрек үсті безінен өндірілетін жыныстық стероидты гормон. Ер адамдарда тестостеронның эстрадиолға трансформациясы (түрленуі) шеткері ұлпаларда жүреді.

Эстрадиол – «әйел адамның» жыныстық гормоны деп саналады, өйткені оның маңызды қызметтерінің бірі ағзаны әйел типінде дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Құрсақ ішілік даму барысында эстрадиол жыныс мүшелеріне әйел типін қабылдауға, туғаннан кейін еркінші жыныстыық белгілердің қалыптасуына көмектеседі: сүт безінің өсуі, әйел типінде түктену, кең жамбас және жіңішке иық, етеккір циклы, ағзада майлардың пайыздық мөлшерінің көп болуы және оның үлестірілуі. Эстрадиолдың негізгі рөлі бала туушылық қабілеттен тұрады.

Гормон аналық безінің жетілуіне, жүктілік кезінде жатырдың өсуі мен дамуына қажет.Етеккірдің тоқтауы аналық без қызметінің бағдарланған бәсеңдеуіне байланысты, бұл эстрадиолдың төмендеуіне әкеледі, гормондық жетіспеушілік синдромы дамиды. Синдромның эстрадиол деңгейінің төмендеуіне байланысты тікелей өзіне тән белгілері болады. остеопороз дамиды – сүек ұлпасының мықтылығы төмендейді.

Эстрадиол антирезорбты қабілетке ие, яғни кальцийдің сүйектен шайылып кетуіне қарсы тұрады. Жүрек-қан тамырлар ауруының қауіпі жоғарлайды және дене салмағы көбейеді, бұл эстрадиолдың холестерин мөлшерін реттейтін қызметінің бұзылуымен байланысты. «құйылу» пайда болады – мезгіл-мезгіл қызып кету сезімі мен көп мөлшерде тер бөлу. Эстрадиол концентрациясының төмендеуі – «құйылулардың» пайда болуының тікелей себебі. көңіл-күйдің өзгеруі (тіпті күйзеліске дейін) және жыныстық құмартудың төмендеуі. Эстрадиол әйелдің психо-физиологиялық мінез-құлқына жауапты. Қынап шырышты қабатының атрофиясы, бұл қынаптың құрғауына, жыныстық қатынас кезінде ауырсынуға әкеледі. Сүт безі көлемінің кішіреюі және болбырауы. Эстрогеннің қалыпты жұмыс істеуінің маңызды шарты оның тестостеронмен пропорционалды қатынасы болып табылады. Ағзада эстрадиол деңгейі ФСГ, ЛГ, пролактин гормондарымен реттеледі.