K (калий) Талдағышта қанның сарысуындағы калийді (K) анықтау
Калийдің қызметі натрийге ұқсас, бірақ электрлитті жоғалту механизмі ерекшелінеді. Бұл жиі бірнеше рет құсу және іш өту (диарея) кезінде байқалады. Қанда калий концентрациясының артуы жедел бүйрек жеткіліксіздігі (ЖБЖ) кезінде туындайды. Мұндай үрдістің ең қаһарлы асқынысы жүрек қызметінің бұзылуы болып табылады. Сондықтан ЖБЖ бар ауыр науқастарда күн сайын электролиттер мөлшерін өлшеу қажет. Гиперкалиемияның себебі көктамырішіне берілетін ерітінділерді дұрыс тағайындамаудан болуы мүмкін, олардың саны талдаулардың нәтижелерін ескере отырып белгіленуі тиіс.