Кері қайту
«Әдемі тері» Beauty профилі

Beauty бейіні «Терінің ажарлығы» сізге безеулік бөртпелердің, тері реңінің бозғылт болу себептерін білуге көмектеседі. 

Себептерін жойған соң, сіз терінің жағдайын айтарлықтай жақсартасыз және косметикалық емшараларға байланысты өзіңіздің шығындарыңызды азайтасыз.

Бейін құрамына кіреді:

  • Ферритин – анемияның аса нақты маркері.
  • ТТГ (ультрасезімтал) – зат алмасу үрдісінің белсенділік маркері.
  • Эстрадиол -  әйел ағзасының гормональды денсаулығының ең негізгі және нақты көрсеткіші.
  • Тестостерон – эстрадиол деңгейінің қатынасы, гормональдық жүйенің балансы/дисбалансы туралы айтуға болады.
  • ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат) – бұл гормонның қызметтерінің бірі – май бездерінің қызметін реттеу болып табылады.  Май бездерінің шамадан тыс белсенділігі безеулік бөртпелерге әкелуі мүмкін.
  • IgE (E иммуноглобулині) -  аллергиялық реакцияның асқынуын болдырмау үшін
  • Гликозилденген гемоглобин - Соңғы 3 айда қандағы қанттың шоғырлануын  бағалау үшін гликозилденген гемоглобин. Терінің сауықпайтын іріңді аурулары - қант диабеті белгілерінің бірі. Қант диабеті сонымен қатар бүйректің зақымдалуына және ақуыздың ыдырауының жоғарылауына байланысты ақуыз тапшылығын тудыруы мүмкін.
  • Жалпы ақуыз - жалпы ақуыз тері жасушаларын құру үшін маңызды компонент (оның ішінде коллаген), ақуыздың жетіспеушілігі жоғары құрғақтықта, қабыршақтануда көрінетін терінің жаңару үдерісін баяулатады

 

Бейінде гормондар болғандықтан, әйелдерге бейінді циклдің 3-7-күні тапсыру керек