Кері қайту
Тестостерон

Тестостерон – ерлердің аталық безінде (Лейдиг жасушалары), әйелдерде шамалы мөлшерде аналық безі мен екі жыныста да бүйрік үсті безінде түзілетін стероидты жыныс гормоны. Гормондардың орындалатын қызметіне қарай 2 топқа бөлуге болады:

Анаболикалық – бұлшықет массасының көбеюі, сүйек ұлпасының тығыздығының ұлғаюы;

Андрогендік – ұрықта жыныс мүшелерінің қалыптасуы (еркек жыныс мүшесі, ұма, қуықасты безі, шәует қуықшасы).

Тестостеронның жеткілікті деңгейі әсіресе жыныстық жетілу (пубертат) және ересек адам өмірінде өте маңызды. Жасөспірімдерде тестостерон ағзаны бала туу қызметін орындауға дайындайды. Осы кезеңде гормонның әсері келесідей көрінеді:

  • май бездерінің кеңеюі (бұл кейде жасөспірімдерде безеудің пайда болуына әкеледі); 
  • сыртқы жыныс мүшелерінің пішіні ұлғаюы; 
  • жыныстық құмарлықтың (либидо) және эрекция жиілігінің артуы; 
  • қасағада шаштың өсуі, олардың мықынға және кіндікке қарай жайылуы; 
  • бетте шаштың пайда болуы (сақал, мұрт, жақ сақал); 
  • аяқта, кеудеде, емшек ұшының айналасында (периареолалы) және ануста (перианальді), қолтық асты шұқырында шаштың өсуі; 
  • бетте тері асты майының азаюы;
  • бұлшықет массасы мен күшінің артуы; 
  • дауыстың жуандауы, жұтқыншақ (кадык) өсуі; 
  • аталық безінде шәует жасушасының (сперматогенез) түзілуі белсенеді; 
  • жақтың, маңдайдың, иектің, мұрынның өсуі; 
  • өсуідің тоқтауы, сүйек жетілудің аяқталуы. 

Тестостерон ерлердің де, әйелдердің де ағзасында болады: гормонның әсері еркектерде көбірек көрінеді:

  • Аталық безінде Сертоли жасушаларының белсенуі, олар шәуеттің дұрыс дамуы үшін қажет; 
  • Физикалық және ақыл-ой қабілеттерін сақтап тұру; 
  • Бұлшықет ұлпасының қоректенуіне (трофикасына) қатысу;
  • А2 тромбоксанды реттеу арқылы қанның ұю-ұйытуға қарсы жүйесіне қатысу; 

Медицинада тестостерон (қандағы концентрацияны бақылау арқылы) бедеулікті, эректильді дисфункцияны, төмендеген жыныстық құмарлықты, остеопорозды емдеу үшін қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыз: «Ер адамдардың климаксы: аңыз бен шындық», «Ер адамдар денсаулығы» бейіні