Кері қайту
ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат)

ДГЭАС – андрогеннің (ДГЭА) негізгі ізашарының белсенсіз түрі.

ДГЭА бүйрек үсті безінде өндіріледі, әрі қарай оған сульфат қосылады да оны биологиялық белсенсіз «резервтікке» айналдырады. Ағзаның андрогендерге қажеттілігі туындаған кезде сульфаттық топ ыдырайды да гормонның белсенділігі қалпына келеді. Әрмен қарай қайта қалпына келтіру реакцияларының әсерімен белсенділігі әлсіз ДГЭА андростендионға трансформацияланып кейіннен тестостерон – ер адамның жыныстық гормонын түзеді.

Тестостеронның бұл түзілу жолы шамалы ғана мөлшерде болады, дегенмен әйел адамның ағзасына бұл жеткілікті.

ДГАЭС бүйрек үсті безінде ғана түзіліп қана қоймай, аналық безінде (барлық мөлшердің 5%) де түзіледі. Оны қанда анықтау зәрде 17α-кетостероидтарды анықтауды ауыстырады. Репродуктологтар ДГАЭС нәтижелерін андрогендердің синтезделу орнын анықтау үшін қолданады: гормонның жоғары деңгейі бүйрек үсті безінде түзілгендігін, төмен деңгейі – жыныс бездерінде түзілгендігін білдіреді. Жүктілік уақытында гормонның өндірілуі ұрық жолдасында нөдірілетін эстрогендердің компоненті ретінде артады. 

ДГАЭС төмен концентрациясы жыныстық жетілудің тежелуі кезінде байқалады, мерзімінен бұрын босану кезінде керісінше болады. Жыныстық жетілу аяқталғаннан соң гормонның мөлшері шамамен жылына 3%-ға төмендейді. 90 жаста іс жүзінде 90% төмендейді. 

Қанда ДГАЭС артуы көп мөлшерде андрогендер өндіретін андростерома (бүйрек үсті безінің ісігі) себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ДГАЭС бөлек тестостеронда жоғарлайды. Бірқатар зерттеулерде ДГАЭС концентрациясының төмендеуі жүректің ишемиялық ауру қаупінің артуымен байланысты екені анықталған.