Амилаза - көмірсуларды ыдыратуға көмектесетін ас қорыту ферменті. Осы амилаза көмірсулы өнімдерге (картоп, нан) қант қоспай-ақ сәл тәттілеу дәм береді.
Альфа-амилаза ас қорыту басталатын ауыз қуысындағы сілекей бездерінен (S тип) және ұйқы безінде (P тип) бөлінеді. Қалыпты жағдайда қан сарысуында барлық амилазаның 40%-ын P тип және 60%-ын S тип құрайды.
Бұл зат қалыпты жағдайда ұйқы безінің өзектері арқылы он екі елі ішекке шығады, тамақпен араласып, ағзадан шығарылады. Ұйқы безінің қабынуы болғанда ісіну жүреді де шығару өзектері қысылады. Осылайша ферменттің концентрациясы 10 есеге артық жоғарлауы мүмкін!
P-типті амилаза ұйқы безінің қабынуын диагностикалау үшін ерекшелігі бар. Бұл талдау әсіресе панкреатиттің созылмалы түрімен ауыратын науқастарға қажет, себебі олардың қанында жалпы α-амилаза белсенділігі норма шегінде орналасқан.
Панкреатиндік амилаза концентрациясын анықтау – құрсақ қуысы мүшелеріне ота жасалғаннан кейін отадан кейін туындайтын – панкреатит асқынысын ерте диагностикалау үшін қажет.