Экинококкоз – Echinococcus granulosus немесе Echinococcus multilocularis таспа құрттары тудыратын паразиттік ауру. Echinococcus multilocularis – іргелес ұлпаларға өсіп-өну қабілеті бар көп камералы зақымдану ошақтарының пайда болуына әкеледі. Echinococcus granulosus («ОЛИМП» КДЗ анықталады) көбінесе бауыр мен өкпеде бір камералы қуыстар (жылауық/киста) қалыптастырады.
Ауруды диагностикалау белгілі қиындықтарды туғызады. Паразиттер түзген жылауықтар рентгендік зерттеу кезінде айқын көрінеді. Алайда, осыған ұқсас жылауықтар көптеген аурулар үшін тән. Нақты диагнозды қою үшін жылауықтың пункциясын жасау керек, ол үшін жіңішке инемен тері мен мүшені тесіп, жылауықтың бөлшектерін алу жүзеге асырылады. Зертханашы-дәрігер микроскоптың көмегімен патологиялық түзілістің табиғаты туралы қорытынды береді.
Бір «БІРАҚ» бар! Мұндай диагностикалық шараны жүргізу кезінде жылауықты тескен инемен қоса аспапты енгізген жолмен паразиттердің одан әрі таралу қауіпі жоғары, бұл ауруды айтарлықтай қиындатады. Диагностикалаудың баламалы әдісі бар: эхинококкқа IgG антиденелерін анықтау. Талдау паразиттік инфекциялардың серологиялық диагностикасына жатады.
Зерттелетін материалға қоздырғышқа (эхинококк) антиденелері анықталатын қан алынады. Антиденелер – бұл нақты бөгде нәруыз – антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда антиген ретінде бруцеллалар (B. abortus, B. suis, B. melitensis) болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен, антиденелердің концентрациясы жоғары болғанның өзінде де иммунитет бруцеллезды әрдайым жеңе алмайды.
Тізімделген әрбір антиденелердің өзіне тән қызметі және пайда болуы кезеңі бар. IgG ағзаға эхинококк түскеннен кейін 15-20 күннен кейін пайда болып, қанда ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Мұндай зерттеу әдісі 90% жағдайда бауыр эхинококкозында және 70-80% өкпелік түрі кезінде оң нәтиже береді. Жүйке, бұлшықет және сүйек ұлпаларының эхинококкозы кезінде ақпараттылығы аз.
Хирургиялық жолмен жылауықты алып тастаған соң антиденелерді анықтау емнің тиімділігін бақылауға көмектеседі. Ота жасалғаннан кейін 2-3 айдан соң IgG деңгейі айтарлықтай төмендеуі керек. Егер ол төмендемесе – бұл онда аурудың қайталануын білдіреді. Ерекше жағдайларда IgG жылдар бойы сақталуы мүмкін.