Кері қайту
Лямблиоз IgG

Лямблиоз – он екі ішек пен аш ішекті зақымдайтын, лямблия (Giardia lamblia) талшықты микроағзасы туындататын жұқпалы ауру.

Лямблиоз ересек адамдардың 10% және 65% балаларда анықталады, бұл санитарлы-эпидемиологиялық ережелерді сақтамауынан туындайды.

Лямблия адам ағзасына түскен кезде белсенді көбейе бастайды және он екі елі ішек пен аш ішекті зақымдап, олардық толқи жиырлуын (перистальтика), сіңірілуін және қабырғалық ас қорыту қызметтерінің бұзылысына әкеледі. Диарея дамиды. Әрі қарай үрдіске өт шығару жолдары мен өт қабы, сондай-ақ ұйқы безі қатысады да сол мүшелерде қабыну дамиды.

Диагностиканың «алтын стандарты» микроскопия әдісі арқылы нәжістен және дуоденалды зондтау (өңеш пен асқазанға тоқтамай өтіп, ауыз қуысы арқылы арнайы құралмен өт алу) арқылы алынған өттен лямблийді анықтау болып табылады. Алайда паразит әр кез нәжіспен бөліне бермейді, бұл талдауды бірнеше рет қайталап өткізуге мәжбүрлейді. Оған қоса паразитті «жаңа», жылы күйіндегі нәжістен анықтауға болады. 

Соңғы жылдары лямблиоз диагностикасын аса ыңғайлы және ауырсынуы аздау лямблияға арнайы антиденелерді анықтау әдісі қолданылып жүр. «Giardia lamblia IgG анықтайтын» талдау жұқпалы ауруларды серологиялық диагностикалауға жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелер табылған қан. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда лямблия антиген болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет лямблиозды әрқашан жеңе алмайды. 

Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тәң өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. 

IgG класының антиденелері жұқтырылғаннан кейін 20 күннен соң табылады, олардың жоғары концентрациясы іс жүзінде аурудың барлық сатыларында сақталады. Сауығудан кейін антидене деңгейі 1-2 ай бойы төмендеп, 6 айдан соң толығымен жойылады.