Кері қайту
IgЕ (Е иммуноглобулині)

Иммуноглобулиндер (антиденелер) – бөгде агенттерден (микроағзалар, токсиндер) қорғану үшін иммундық жүйенің жасушалармен бөлінетін арнайы нәруыздар. Атқаратын қызметіне қарай антиденелердің 5 түрі бар: A, D, E, G, M.

IgE басқа антиденелердің ішінде ерекше болып табылады. Ерекшелігі – ағзаға жағымсыз әсер етіндігінде болып тұр. Оңтайлы қызметі де бар – ол паразиттерден қорғану.

Алайда талдаудың клиникалық маңызы IgE аллергиялық реакцияларды шақыру қабілетіне байланысты. Аллергияның даму қағидасы иммундық жүйе жұмысының жаңылуында жатыр, иммуноглобулин қандай да бір молекуланы (шаң-тозаңның бөлшегін, апельсин, жануарлардың түктері) қатерлі деп қабылдай бастайды. Мұндай молекуламен алғашқы жанасудан кейін көп мөлшерде арнайы IgE (яғни дәл сол затқа қарсы) өндіреді. Ағза келесі жолы қайтадан жанасқаннан кейін бұл иммуноглобулиндер мес жасушаларға белгі (сигнал) береді, ол сол мезетте қанға аллергиялық затты бөліп шығарады. Осы сәтте аллергияның белгілері туындайды – ісіну, қышыну, қызару, көздің жасаурауы. Кейде аллергиялық реакцияның соншалықты өткір болғандығынан адам өміріне қауіп төндіретін ісіну тыныс жолдарын жауып тастайтын немесе артериалдық қан қысымының күрт түсіп кететін жағдайлары туындайды.

Дәрігер үшін жалпы IgE (мысалы: аллергиялық ринит немесе бронх демікпесі ауруларының себебін табу үшін) және емделушіде не нәрсеге аллергия екенін білуге нақты аллергенді табу үшін арнайы IgE тексеру қажет.