Аскаридоз – адам ағзасында жұмыр құрттар – аскаридалар (Ascaris lumbricoides, струнец) туындататын паразиттік ауру.
Аскарида жұмыртқасы бар ластанған фекалийбар топырақ бөлшектері (фекальді-оральді берілу механизмі) немесе тамақты жұту арқылы жұқтырылады. Асқазанға тоқтамай, жұмыртқа аш ішектің жоғары бөлімдеріндегі бүрлерде «бөгеледі». Жұмыртқадан дернәсілдер шығып, бірден ішек қабырғасы арқылы қан тамырларға енеді. Қан ағымы бойынша дернәсіл төменгі қуыс көк тамырының жүйесіне түседі, одан кейін қан арқылы дәйікті түрде бауырға, жүрекке, өкпе түседі. Өкпеден дернәсіл тыныс жолының эпителий бойымен көмей, жұтқыншаққа көтеріледі, одан соң қайтадан сілекей арқылы асқазан мен ішекке жұтылады. 2,5 айдан соң аш ішекте дернәсілден жетілген дарақ дамиды, олар көбеюге қабілетті болып, белсенді түрде жұмыртқа салады. Әрбір аналық жұмыр құрт тәулігіне 200 мың (!) жұмыртқа салады, жұмыртқа сыртқа нәжіспен бірге шығады. Аскаридалардың өмір сүрі мерзімі бір-екі жылға тең келеді: өлгеннен кейін паразиттер ағзадан шығарылады. Демек, емделушіден бірнеше жыл бойы аскаридоз анықталған болса, онда ол қайталап жұқтырғандығы туралы білдіреді, бұл жиі жеке гигиена ережелерін сақтамағандықтан болады.
Клиникалық көрінісі аскаридалардың санына байланысты болады: симптомсыз ағымнан адам өміріне қатер туығызатын жағдайлар дамиды.
Аурудың екі сатысын ажыратады: ерте (миграциялық) және кеш (ішектік).
- Ерте дернәсілдік сатыда паразит іс жүзінде дененің барлық жерінен жүріп өтеді, бауыр, көк бауыр, өкпе, жүрек, ұйқы безі сияқты ішкі ағзалардың зақымдануы мүмкін, демек осы ағзалардың қабыну (өкпенің қабыну, панкреатит, гепатит, миокардит, холецистит…) түрінде аурулар байқалады.
- Аурудың кеш сатысында ұзақ уақыт дене температурасының 37.5 С көтерілуі, жалпы әлсіздік, сырқаттылық, бас ауруы, аллергиялық реакциялардың пайда болуы, терісіне бөртпелердің шығуы, лоқсу, іштің жайсыздығы, ұйқысының бұзылуы. Зертханалық талдауда эозинофилдер мөлшерінің күрт артуы байқалады.
Аскаридоздың қатерлі асқынысы жиі жедел ішектік бітеліс болады, яғни құрттар шумақ түрінде шырмаланып, ішек саңылауында тұрып қалады және нәжістің өтуіне жол бермейді. Соның салдарынан ішектің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, ішек өліеттенеді («жойылады»). Диагнозды тек қана нәжістен құрт жұмыртқасы анықталған кезде немесе ота жасау барысында жетілген дарақты анықтаған кезде қояды. Екінші нұсқасы әдетте кездейсоқ болады. Бірінші әдістің кемшілігі – талдау микроскоп көмегімен орындалады, бұл адами фактордың кінәсінен жалған теріс нәжителердің болуын жоққа шығармайды.
Аскаридаларға G иммуноглобулиндердің анықталуы - Ascaris lumbricoides қоздырғышына ағзаның реакцияны анықталуымен негізделген қанның арнайы талдауы. Иммуноглобулиндердің бірнеше кластары бар: A, M, G, E, D. G – иммундық жүйенің паразитпен ұзақ жанасуын, яғни аурудың созылмалы ағымын білдіреді. Әдістің оңтайлы жағы – бұл адами фактордың себебінен қателіктерді алып тастау салдарынан аурудың клиникаға дейінгі сатысында гельминтті анықтауға мүмкіндігін береді.