Үшглицеридтер
Үшглицеридтер (ҮГ, бейтарап майлар) – ағзаға тағаммен келіп түсетін немесе бауырда көмірсулардан түзілетін күрделі молекулалар. Энергетикалық қызметті орындауда маңызды рөл атқарады («қорға» сақтап қою).
ҮГ көмірсулардан синтезделетіндіктен, онда тағамдар құрамында шамадан артық (тәттілер, ұннан жасалған тамақтар…) болуы үшглицеридтер деңгейінің жоғарлауына әкеледі. Үшглицеридтер төмен тығыздықтағы липопротеидтер (атеросклероздық даму буыны) құрамына кіреді.
Клиникалық маңызы-май алмасуының бұзылуын (атеросклероздық түйіншектің қалыптасуы) диагностикалаудан тұрады. ҮГ жоғары концентрациясы жүректің ишемиялық ауруларының даму қауіпінің маңызды факторы болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз: «ХОЛЕСТЕРИН МЕН ЛИПИДТЕР ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ»