Кері қайту
Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

Жасушаішілік фермент, оның негізгі қызметі гликолизді іске асыру болып табылады, яғни энергиямен бөлінген глюкозаны «жағу».Белгілі мүшелердің құрамында болатын ЛДГ 5 түрі бар:

ЛДГ-1 – жүрек және қанның қызыл денешіктері (эритроциттер)

ЛДГ-2 – ретикуло-эндотелиалды жүйесі (көк бауыр, лимфалық түйіндер)

ЛДГ-3 – өкпе

ЛДГ-4 – бүйрек, ұрықжолдасы, ұйқы без

ЛДГ-5 – бауыр және бұлшықеттер

Жоғарыда тізімделген ұлпалардың бұзылыстары кезінде қанға көп мөлшерде ЛДГ түсе бастайды. Демек, бұл талдау әртүрлі саладағы маман дәрегерлерге қажет.

Миокард инфрактісі кезінде ЛДГ белсенділігінің шарықтау шегі 3-4 күні байқалады, кейін 10 күн бойы бір деңгейді ұстап тұрады. Егер науқаста стенокардияның ауыр ұстамасы (инфаркттан айырмашылығы жүрек бұлшықетінің өлуі болмайды) болса, онда ұстамадан кейін бірнеше күннен соң талдау жүрек жасушаларының бұзылысының болған не болмағанын көрсетеді.

Өкпе эмболиясы кезінде (өкпе қан тамырлар саңылауының тромбпен бітелуі) зертханалық симптомдардың үштігі байқалады: АСТ мәні қалыпты бола тұра ЛДГ және билирубин жоғары болады. Бұл эмболияны миокард инфарктісінен ажыратуға көмектеседі.

Вирустық менингит кезінде (бас миы қабаттарының қабыну) ЛДГ жоғарлауы жағымсыз сипатта болады, себебі бұл науқаста энцефалиттің (ми затының қабыну) дамып жатқаны туралы куәландырады. 

Бұлшықет аурулары кезіндегі ЛДГ келесі себептерді көрсетеді: бұлшықет талшықтарының өлімі кезінде жоғарлайды және егер ауру жүйке жүйесі жағынан мәселелер тудырса өзгеріссіз қалады.

Гепатиттің (бауырдың қабынуы) ауыр түрлерінде ЛДГ жоғары және мөлшері ұзақ уақыт бойы өзгермеушілікпен сипатталады. Лактатдегидрогеназа анемияны (эритроциттерде болатын гемоглобиннің төмен деңгейі) диагностикалауға көмектеседі. Эритроциттердің бұзылуы салдарынан гемоглобиннің төмендеуінен туындайтын гемолитикалық анемия кезінде ЛДГ жоғарлайды.