Кері қайту
Холестерин-ЖТЛП

Холестерин («қатты өт») – ағзаның жасушалар қабырғасының негізгі компоненті. Холестериннің 80% бауырда жасалады, қалған 20% - ағзаға тағаммен бірге түседі. Оның арқасында жасуша қабырғасы әртүрлі агрессивті факторлардың әсеріне берік. Тағы бір маңызды қызметі - әртүрлі биологиялық белсенді заттардың – D дәрумені, бүйрек үсті безінің стероидты гормондары, әйелдер гормоны (эстроген, прогестерон), тестостерон өндірілуіне қатысады. Сондай-ақ бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына сигнладарды өткізуге көмектеседі.Холестерин («қатты өт») – ағзаның жасушалар қабырғасының негізгі компоненті. Холестериннің 80% бауырда жасалады, қалған 20% - ағзаға тағаммен бірге түседі. Оның арқасында жасуша қабырғасы әртүрлі агрессивті факторлардың әсеріне берік.

Тағы бір маңызды қызметі - әртүрлі биологиялық белсенді заттардың – D дәрумені, бүйрек үсті безінің стероидты гормондары, әйелдер гормоны (эстроген, прогестерон), тестостерон өндірілуіне қатысады. Сондай-ақ бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына сигнладарды өткізуге көмектеседі. Жалпы холестерин талдауын тағайындаудың негізгі мақсаты – атеросклероздың диагностикасы (нәтижесінде жүректің ишемиялық ауруы - ЖИА).

Холестериннің 3 түрі бар – жоғары тығыздықтағы липопротеиндер (ЖТЛП), төмен тығыздықтағы липопротеиндер (ТТЛП) және өте төмен тығыздықтағы липопротеиндер. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты ЖТЛП және ТТЛП клиникалық маңызы бар.

Жоғары тығыздықтағы липопротеиндер (ЖТЛП)

Холестериннің «пайдалы» фракциясы. ЖТЛП мен ЖИА арасында кері тәуелділік бар – неғұрлым ЖТЛП көп болса, соғұрлым жүрек ауруының даму қаупі аз болады. Әрбір 0,13 ммоль/л (5мг/дл) ЖТЛП концентрациясының төмендеуі ЖИА қаупін 25% артуына әкеледі!

ЖТЛП жоғары саны антиатерогендік факторда оңтайлы бағаланады. Жалпы холестериннің және ЖТЛП мөлшерін біле отырып, атерогендік коэффициентті (Ка) есептеуге болады:

 Ка=Жалпы ХС-ЖТЛП/ЖТЛП

ЖИА бар емделушілерде бұл коэффициент 4-тен көп болады. Сондай-ақ оқыңыз: « ХОЛЕСТЕРИН ЖӘНЕ ЛИПИДТЕР ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ»