Описторхоз – бауырды зақымдайтын паразиттік ауру. Қоздырғышы - Opisthorchis felineus болып табылады. Аурудың ерте кезеңі жедел аллергоз түрінде байқалады (терідегі бөртпелер, қышыну, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы және басқалары). Описторхоздың кеш кезеңі бауыр және өт жолдарының зақымдалуымен жүреді.
Егер паразит жұмыртқасы ішек арқылы шығарылмаса, онда ауруды диагностикалаудың жалғыз әдісі IgM және IgG антиденелерін қан сарысуын зерттеу арқылы анықтауға болады. Мұндай серологиялық әдістің жедел фазада сезімталдығы іс жүзінде 100% жуық, созылмалы фазада - 70% жуық, бұл қоздырғыштың санына және ағзаның жеке дара ерекшелігіне байланысты. Талдау паразиттік инфекцияның серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материалға қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан алынады.
Антиденелер – бұл нақты бөгде нәруыз – антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда антиген ретінде описторхия (Opisthorchis felineus) болып табылады.
Антиденелердің бірнеше түрлері бар:
- IgA
- IgD
- IgE
- IgG
- IgM
Дегенмен, антиденелердің концентрациясы жоғары болғанның өзінде де иммунитет описторхозды әрдайым жеңе алмайды. Тізімделген әрбір антиденелердің өзіне тән қызметі және пайда болуы кезеңі бар. IgМ ауруды жұқтырғаннан кейін бір аптадан кейін өндіріледі және өзінің максимальды деңгейіне 15 күннен кейін жетеді. 6-8 апта өткен соң, оның концентрациясы жылдам төмендейді. Осылайша талдау описторхоздың жедел сатысын анықтау үшін қажет.
Келесі аурулар кезінде жалған оң нәтижелер болуы мүмкін:
- Токсоплазмоз – 5,6%;
- Токсокароз – 7,3%;
- Эхинококкоз – 15,4%;
- Трихинеллез – 20,0%
- Фасциолез - 29,4%
Описторхоздың табиғи ошақтары бар аймақтың байырғы тұрғындарында (Обь-Ертіс бассейні) қоздырғышқа туа біткен төзімділік болғандықтан антидене деңгейінің төмен көрсеткіштері тіркелген.