Цитруллиндік пептид – бұл ағзаның нәруызы. Иммундық жүйе жұмысының бұзылысы кезінде бұл нәруыз меншікті қорғаныш күштері - антиденелермен «шабуылдайды». Яғни осы антиденелер циклді цитруллиндік пептидке анықталса, онда науқаста аутоиммундық ревматоидтық артрит немесе жүйелі қызыл ноқта ауруларының бар екендігін айғақтайды.
Ревматоидтық артрит – буындардың (ұсақ және ірі) симметриялық қабынумен жүретін ауыр аутоиммундық ауру. (как мелких, так и крупных). Таңертенгілік уақытта бір сағат бойы қимылдамай қалушылық сезімі осы ауруға тән белгі болып табылады. Буындар ауыра бастайды, деформацияға ұшырайды, ісінген болады.
Талдаудың ревматоидты фактормен (ревматоидты факторды қараңыз) салыстырғанда бірқатар артықшылығы бар, бұл ауруларды да диагностикалау үшін қолданылады:
- жоғары арнайылығы (қандағы АЦЦП пайда болуына әкелетін басқа факторлар жоқ);
- аурудың басынан бастап клиникалық белгілеріне дейін пайда болуы;
- ревматоидтық артриттің тіпті серонегативтік нұсқасы кезінде оң нәтижелі (мұндай науқастарда ревматоидты факторға талдау нәтижесі теріс);
- АЦЦП концентрациясы аурудың болжамын және ауырлығын бағалауға мүмкіндік береді.