Тиреоглобуин – бұл нәруыз, одан қалқанша безінің гормондары түзіледі. Қалыпты жағдайда ол тек қана безде болады және сол мүшенің төңірегінен шықпайды. Белгісіз себептермен адамның иммундық жүйесінде жаңылу болғанда аутоантиденелер (иммунитеттің өзінің меншікті мүшелеріне жебірлік танытатын компоненттер) пайда болып, олар тиреоглобулинге «шабуылдайды» («Тиреоглобулин» қараңыз). Бездің қабынуы дамиды – тиреоидит. Бұл қалқанша без гормондары - Т3, Т4 деңгейінің төмендеуіне әкеледі, яғни гипотиреоз дамиды.
Тиреоидит біртіндеп даму мүмкін, онда келесі белгілер болады: тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, дене салмағының артуы, ісінулер пайда болуы мүмкін. Адам жылауық, өкпелегіш келеді. Егер антиденелер саны өте көп болса, онда тиреодит жедел дамиды: қалқанша безінің құрылымы бқзылады және қанға көп мөлшерде қалқанша безінің гормондары шығады. Бұл жағдайда клиникалық көрініс гипертиреозға сәйкес келеді: аяқ-қолдарының дірілі пайда болады, дене температурасы көтеріледі, тәбеті артқанымен салмақ жоғалтады, жүрек қағысы жиілейді.