Тиреопероксидаза (ТПО) – бұл йодтың арнайы қосылысқа айналуы үшін қажет фермент, ол тироеглобулинмен байланысқа түсіп, әрі қарай қалқанша безінің Т3, Т4 гормондарын түзуге қатысады. Антидене – бұл ағза үшін бөгде кез келген молекулаларды жоятын иммундық жүйенің компоненттері. Әлі күнге дейін меншікті мүшелерге қарсы антидене өндіріле бастайтын иммунитеттің істен шығу себептері белгісіз. Осылайша, ағза ТПО өзі жоя бастайды және соның салдарынан Т3, Т4 гормондарының мөлшері төмендейді (бұл гипотиреоз түрінде байқалады).
Сонымен қатар, антиденелер TПO-мен байланысқан кезде иммундық кешендер түзіледі, олар қалқанша безінің қабырғаларында шөгеді және оның қабынуын - аутоиммунды тиреоидитті тудырады. Қабыну бездің бұзылған құрылымынан қанға көп мөлшерде Т3, Т4 түсуіне әкеліп, гипертиреоздың клиникасын береді. Антидене ұрықжолдас арқылыанасынан ұрыққа өтуге қабілетті және ол баланың дамуына жағымсыз әсер береді.
Талдаудың арнайылығы жақсы және 95% Хашимото тиреодитпен емделушілерде анықталады.