Кері қайту
Аполипопротеин А1

Апо-А1 – жоғары тығыздықтағы липопротеин (ЖТЛП) негізгі нәруыздық компоненті, оның өндірілуі бауырда жүреді және гендермен анықталады. ЖТЛП – холестериннің «пайдалы» фракциясы. ЖТЛП мен ЖИА арасында кері тәуелділік бар – неғұрлым ЖТЛ көп болса, соғұрлым жүрек ауруының даму қаупі аз болады.

Апо-А1 ағза үшін маңызды және пайдалы қызметтің бірін орындайды – ол ЛХА ферментің белсендіреді. Макрофаг жасушалары холестеринді жұтып алмай, оны әрі қарай бауырда өндірілуі үшін тамырлар арнасына шығаратын фермент қажет. Осылайша, атеросклероз дамуының тізбегі бұзылады, себебі макрофагтардан көпіршікті жасушалар түзіледі де әрі қарай атеросклероздық түйіншектер дамиды.

Тек бір ғана апо-А1 талдауын анықтау ақпараттық болмайды. Сондай-ақ атерогендік коэффициентті (АК) есептеу үшін апо-В зерттеу қажет.

АПОЛИПОПРОТЕИН ЕР АДАМДАР:

  • А1 1,04 – 2,02 г/л
  • В 0,66 – 1,33 г/л 
  • В/А (атерогендік коэфф.) 0,45 – 1,25

ӘЙЕЛ АДАМДАР:

  • А1 1,08 – 2,25 г/л
  • В 0,60 – 1,17 г/л
  • В/А (коэф.атерогенности) 0,35 – 1,15  

Егер В/А – қалыпты көрсеткіштен жоғары болса, онда атеросклероз қауіпі жоғары, егер өалыпты көрсеткіштен төмен болса – қауіп төмен.