Апо-В – жасушалармен холестериннің жұтылуына әрекет жасайтын төмен тығыздықтағы атерогендік липопротеиндердің (ТТЛП) компоненті. Бұл талдау бір маңызды себепке байланысты атеросклероздың анағұрлым сенімді критерийі ретінде қарастырылады – ол холестерин сияқты тамақпен бірге берілмейді, ағзаның өзінде түзіледі. Осы орайда адамда ең басынан апо-В деңгейі төмен болса, онда холестерин ішектен жасушаларға аз мөлшерде түседі. Жоғары концентрациясы кезінде барлығы керісінше жүреді
Апо-В тек бір өзіне ғана талдау жасағанның ақпараттылығы аз. Сондай-ақ атерогендік коэффициентті (АК) есептеу үшін апо-А1 зерттеу қажет
АПОЛИПОПРОТЕИН ЕР АДАМДАР ӘЙЕЛ АДАМДАР
- А1 1,04 – 2,02 г/л 1,08 – 2,25 г/л
- В 0,66 – 1,33 г/л 0,60 – 1,17 г/л
- В/А (атерогендік коэф.) 0,45 – 1,25 0,35 – 1,15
Егер В/А – қалыпты көрсеткіштен көп болса, онда атеросклероз қаупі жоғары, егер қалыпты көрсеткіштен төмен болса – онда қауіп төмен