Гомоцистеин – метиониннің цистеинге айналатын химиялық реакциясының аралық тізбегі. Бұл «пайдалы» амин қышықылының қызметі туралы ақпарат жоқ, алайда оның шамадан тыс көбеюі (гипергомоцистеинемия) туралы көп ғылыми еңбектер жазылған.
Оның себебі қан тамырлар қабырғасына агрессивті әсер етуінде жатыр. Тамырдың зақымданған жеріне холестерин мен кальций шөгеді, бұл атеросклероздық түйіншектер түзілудің тізбегі болып табылады. Мысалы: жүректің ишемиялық ауруы бар 13-47% тексерілген науқастардың қанында гомоцистеиннің жоғарлағанын анықтаған. Сондай-ақ тромб түзілу ықтималдығы да жоғары, бұл жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Гомоцистеин алмасуына В12 дәрумені мен фолий қышқылы оңтайлы әсер етеді, олар қандағы осы амин қышқылының концентрациясын төмендету үшін қажет. Олардың тапшылығы кезінде гипергомоцистеинемия туындайды.
Жүкті әйелдерді тексеру кезінде гомоцистеинге ерекше көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтқандай, амин қышқылы тромб түзілуіне әкеледі. Сол тромбтар ана мен баланы байланыстыру ұрықжолдасын бекітіп тастауы мүмкін. Бұл жағдайда баланың да және анасының да өміріне қауіп төнеді.
Гомоцистеин мөлшерін В12 дәрумені мен фолий қышқылын қабылдау арқылы төмендетуге болады. Сондықтан талдауды осы дәрумендермен бірге тағайындау ұсынылады.
Гомоцистеин бірқатар аурулардың ағымын асқындырады: қант диабеті (қан тамырларының белгілі бір зақымдануының дамуын тездетеді, соның салдарынан аяқ-қолдарға қан жүрмейді); бас миының инсульті және миокард инфарктісі.
Сондай-ақ оқыңыз: "ГОМОЦИСТЕИН-ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ МЕН ЖҮКТІЛІКТІҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖЕТПЕУІНІҢ ЖАҢА ҚАУІП ФАКТОРЫ "