Иммуноглобулиндер (антиденелер) – бұл бөгде агенттерден (микроағзалар, токсиндер) қорғану үшін иммундық жүйе жасушаларымен бөлінетін арнайы нәруыздар.
Атқарылатын қызметіне қарай 5 түрлі антиденелер бар: A, D, E, G, M. IgA шырышты қабаттарда (ауыз қуысында, зәр-жыныстық жүйесінде, ішекте…) ықтимал «зиянкестердің» жергілікті әсеріне жауап ретінде түзіледі. Антиденелер осы бөгде агенттермен байланысады және жасуша беткейіне бекінуіне кедергі жасайды, осылайша олардың ағзаның ішкі ортасына енуіне қарсы тұрады. Демек, IgA ауыз қуысының, зәр-жыныстық жүйенің, асқазан-ішек жолдарының жергілікті, локальді иммунитетіне жауап береді. IgA қанға түсіп бактериялар мен вирустарды залалсыздандырады, иммундық реакциялардың каскадын (комплименттің альтернативтік жолы) іске қосады.
Ағзадағы барлық иммуноглобулиндердің ішінде қанда иммуноглобулин А тек 50% құрайды. А класының антиденесі ұрық ағзасына ұрықжолдасы арқылы өте алмайды, сондықтан бала қажетті иммуноглобулиндерді ана сүтімен алады, бұл баланың жергілікті қорғаныштықты қамтамасыз етеді. IgA деңгейінің төмендеуі уақытша немесе ұдайы сипаттағы жергілікті иммунитеттің төмендегенін, иммуноглобулиннің қарқынды ыдырауын, сондай-ақ ол иммундық кешендермен байланысты күйде екендігі туралы айғақтайды. Селективті IgA тапшылығы иммундытапшылықтардың ең жиі түрлерінің бірі болып табылады.
1: 400-1: 500 еуропоидтық нәсілдердің өкілдері осы немесе басқа формада аталған патологиядан зардап шегетіні туралы мәліметтер бар. Әдеттегідей IgA тапшылығы жиі тыныс алу жүйесі мүшелерінің (бронхит, фарингит, баспа, пневмония) және диарея (іш) түрінде асқазан-ішек жолдарының жұқпалы ауруларымен көрінеді.