Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде жатыр мойны қатерлі ісігінің шамамен 500 000 жағдайы тіркеледі. Қазақстанда бұл ауру жыл сайын 1800 әйелде кездеседі. Барлық әйелдер онкологиялық ауруларының ішінде жатыр мойны қатерлі ісігі халықаралық кеңістікте де, Қазақстанда да екінші орында тұр. Қолданыстағы мәселелердің бірі - бастапқы скринингтен өткеннен кейін әйелдердің қайта тексеруге қайта келу деңгейінің төмен болуы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, емделушілердің шамамен 30-40%-ы кейінгі тесттерге немесе адам папилломавирусына (АПВ) скринингтерге қайтіп оралмайды.
Co-testing АПВ жоғары канцерогенді түрлеріне тестілеуді және Сұйықтық онкоцитологиясын біріктіретін әдіс болып табылады.
АПВ-на талдау 90% жағдайда жатыр мойны қатерлі ісігінің негізгі себебі болып табылатын адам папилломавирусын анықтауға көмектеседі. ПАП-тест қатерлі ісікке айналуы мүмкін жасушаларды анықтауға бағытталған. Co-testing деп аталатын осы тесттердің үйлесімділігі дәрігерлерге, тек ПАП-тестті қолданғаннан гөрі, бастапқы кезеңінде қатерлі ісік ауруын анағұрлым тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
Неліктен жатыр мойны қатерлі ісігіне скрининг маңызды?
Жатыр мойнындағы жоғары дәрежелі жасушалық өзгерістер 3-7 жыл ішінде қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Бұл скрининг осы өзгерістерді қатерлі ісікке айналғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді. Егер әйелде төмен дәрежелі өзгерістер анықталса, онда тұрақты тестілеу жасушалардың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді, бұл ретте, жоғары дәрежелі өзгерістер анықталған жағдайда, ықтимал қауіпті жасушаларды жою үшін емдеу тағайындалады.