Сарысудың жасырын теміржалғағыш қабілеті
СЖТБҚ (ЛЖСС) дегеніміз – трансферринмен әлі де байланыса алатын темірдің резервтік, қосымша мөлшері.
Қанда 2,5 мг жуық темір бар, олар негізінен микроэлементті тасымалдау үшін, сондай-ақ темір ионының уытты шоғырлануынан ағзаны қорғайтын трансферрин нәруызымен байланысқан.
Әдетте трансферриннің темірмен қанығуы шамамен максимальды қанығу деңгейінің 30 – 40% құрайды.
СЖТБҚ және сарысулық темірді қосып есептгенде сарысудың жалпы темір байланыстырушы қабыліті шығарылады. Бұл формуламен темірдің қанығу коэффициентін есептеуге болады, қалыпты жағдайда ол 16% дан 25% тең болады:
сарысудағы темір/ЖТБС*100%
Талдау анемия себептерін анықтау үшін қажет.