Кері қайту
М-градиент, антисарысу панелімен (IgG/A/M/каппа/лямбда) М-градиентті сандық бағалау арқылы иммунотиптеу

Жұқпалы және жұқпалы емес жедел және созылмалы қабынудың, сондай-ақ онкологиялық (моноклонды гаммапатиялар) және кейбір басқа аурулардың диагностикасы мен емдеуін бақылау үшін қолданылатын қанның негізі нәруыздық фракциясының сандық және сапалық өзгерістерін анықтау. Плазмалық жасушалар клонының пролиферациясы кезінде құрамына бір түрдегі ауыр және жеңіл тізбектері кіретін бір класс, ішкі класс және изотип қамтитын иммуноглобулиннің синтезі артады. Қан сарысуының нәруыздары электрофорездік бөліну кезінде бұл иммуноглобулиндер шағын жолақтар түрінде көшеді, яғни бұл басқа нәруыздық фракция аясында анықталады. Мұндай иммуноглобулинді моноклонды иммуноглобулин немесе парапротеин деп атайды. Сарысу нәруыздарының электрофорезі кезінде оны М-градиент деп атайды. Парапротеин бірқатар гематоонкологиялық аурулар кезінде онкомаркер болып табылады. Көпмөлшерлі миелома моноклонды иммуноглобулин (парапротеин) немесе оның қалдықтарын секрециялайтын плазмоциттер пролиферациясынан туындайтын классикалық гематологоиялық ауру.  Көп жағдайларда диагнозды анықтау сәтінде парапротеин концентрациясы 25 г/л асады. Миелома кезінде қан сарысуындағы парапротеин жиі IgG (60%), сирек IgA (20%) түрінде ұсынылған. Қалған 20% жуығы каппа или лямбда бос жеңіл тізбектер өндірілуімен (20%) байланысқан Бенс-Джонс миеломасына тиесілі. Миеломаның 2–4% жағдайында құрамында әртүрлі кластың жеңіл тізбектері бар әртүрлі кластың немесе бір класстың иммуноглобулиндерімен ұсынылған биклонды парапротеин анықталуы мүмкін.  Парапротеин концентрациясының өзгеруі миелома емінің тиімділігін көрсетеді. Миелома кезінде ПП концентрациясын ем жүргізу аясында әрбір 3 ай сайын бақылап отыру қажет.  Егер ПП концентрациясы анықтағыштан төмен болса, 6 немесе 12 айдан кейін қайтадан өлшеген жөн. Вальденстрем макроглобулинемиясы - шамадан тыс моноклонды IgM (гиперпродукция) өндірілетін лимфома. Иммундыфенотипі тән лимфоплазмациттік ісік жасушалары лимфалық түйіндерге, көкбауырға және сүйек кемігіне диффузды түрде жайылған. Моноклонды IgM жоғары концентрациясы жиі 30 г/л асады және қан тұтқырлығының артуына және есінің шатасуы, қанаққыштыққа, жүрек жеткіліксіздігі мен гипертензия түрінде бірқатар клиникалық белгілерге әкеледі. Макроглобулинемия кезінде жиі парапротеинемиялық полинейропатория, салқын гемолитикалық анемия және криоглобулиндер байқалады. Басқа лимфомалар мен созылмалы лимфолейкоздың өзге түрлері кезінде IgM класының парапротеиндері 20% науқастарда байқалады, дегенмен парапротеин концентрациясы әдетте 30 г/л неғұрлым төмен болады.   Ауыр тізбектер ауруы (Франклин ауруы) жеңіл тізбектің қатысуынсыз тек қана IgG-гамма ауыр тізбегінің синтезделуімен жүреді. Бұл аса сирек кездесетін ауру жұмсақ таңдайдың ісінуі және лимфоидтық инфильтрациямен көрініс береді. Сондай-ақ, ішек қабырғаларының лимфоидты инфильтрациясының себебінен созылмалы диарея, сіңірілудің бұзылысы туындайтын альфа ауыр тізбектер ауруы сирек байқалады.  Скринингтік тексерулер кезінде парапротеинемия анықталу жиілігі 50 жастан кейінгі популяцияда күрт өсті және 65 жастан асқан үлкен адамдарда 4–10% жетеді. Алайда, жалпы популяция ішінен алғашқы рет анықталған парапротеинемия көпшілік жағдайда мағынасы анықталмаған моноклонды гаммапатиялар (МАМГ/МГНЗ) симптомсыз көрінеді.  МАМГ кезінде парапротеин концентрациясы 30 г/л едәуір төмен және әдетте 10–15 г/л көтерілмейді. Бұдан басқа МАМГ кезінде парапротеин поликлонды иммуноглобулиндер аясында анықталады, яғни басқа иммуноглобулиндердің қалыпты синтезінің ауырлауы жүрмейді. «МАМГ» термині үрдістің қатерлену сәтін жіберіп алмас үшін жыл сайынғы бақылауды қажет ететін онкогематологиялық аурулардың басқа белгілері жоқ парапротеинемия жағдайларын көрсетеді. 50 жасқа дейінгі тексерілгендерде парапротеиндерді анықтаған кезде одан да жиі қайта-қайта тексерулер қажет, өйткені оларда көптік миеломаның даму қаупі жоғары.  Егер М-нәруыздың концентрациясы 15 г/л көп болса, жас ерекшелігіне қарамастан зәрдің 24 сағаттық электрофорезі және әрбір 3-6 ай сайын иммундыфиксация жасаудан тұратын кеңейтілген тексерулердіен өткізіп тұру ұсынылады, өйткені қатерлі трансформациялану қауіпі өте жоғары. 5 жыл бойы көптік миеломаға немесе басқа ауруларға үдемейтін, парапротеин сақталуымен сипатталатын қатерсіз парапротениемияны ажыратады. Өткінші (транзиторлық) парапротеинемия кезінде парапротеинемия концентрациясы әдетте 3 г/л төмен.