Ең кең таралған электролиттердің бірі. Орта статистикалық 70 кг салмақтағы адамның денесінде бұл зат 150 г жуық болады. Натрийдің рөлі өлшемсіз маңызды. Ол калиймен бірге ағзада электр қуатына ұқсас нәрсе жасайды. Осылайша барлық ағза жасушалары арасында байланысты қамтамасыз етеді. Егер осы екі заттың теңгерім бұзылысы жүрсе, онда жасушалар байланысы үзіліп, абыл-сабыл жұмыс жасай бастайды, оның салдарынан барлық мүшелердің қызметі зардап шегеді. Натрийдің маңызды басқа қасиеті – бұл ағзада сұйықтықты ұстап қалуы. Сондықтан тұзды тағамдарды (оның құрамына натрий кіреді) көп жейтін адамдар жоғары қан қысымынан зардап шегеді-ағзадағы сұйықтық мөлшері артады, жүрек пен қан тамырларына жүктеме артады. Натрийдің көбеюі гормональді жаңылу кезінде болуы мүмкін. Төмендеуі зәр айдағыш заттардан және антибиотиктер (аминогликозидтер), бүйрек аурулары (пиелонефрит, поликистоз, бүйрек жеткіліксіздігі) және бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі (Аддисон ауруы) салдарынан болады.