Д дәрумені– бұл ағзаға тамақ арқылы (Д-2) түсетін немесе күн сәулесінің әсерінен өндірілетін (Д-3) биологиялық белсенді заттардың тобы.
Дәріменнің негізгі рөлі – ішек арқылы микроэлементтердің: көп дәрежеде кальцийдің, аз дәрежеде – темірдің, магнийдің, фосфордың және мырыштың қарқынды сіңірілуінен тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, Д дәруменнің көмегінсіз ағзаға тамақпен келіп түсетін кальций сіңірілместен ағзадан шығарылады. 25-ОН Д дәрумені – бұл дәруменнің барлық түрінде (Д2,3 және басқадай) түзілетін зат, ізінше осы метоболитті анықтау ағзадағы Д дәруменнің жалпы мөлшерін аса нақты бейнелейді.
Д дәруменінің маңыздылығын түсіну үшін кальций атқаратын қызметтерді атап өткен жөн:
- Импульстердің жүйке-бұлшықеттік жіберілуі;
- Қан ұю үрдістері (қан кетуді тоқтату үшін маңызды);
- Жүрек бұлшықеттерінің жұмысы;
- Бүкіл ағзаның барлық биологиялық маңызды үрдістеріне қатысатын көптеген ферменттерді өндіру және белсендіру;
- Берік сүйек ұлпасын қалыптастыру.
Д дәрумені әсіресе ерте балалық жаста өте маңызды, өйткені дәл осы кезеңде сүйек құрылымдарының қалыптасуы жүреді. Егер бала жеткілікті мөлшерде дәруменді алмаса, онда рахит (мешел) дамиды. Аурудың даму дәрежесі бойынша рахиттің клиникалық көрінісін келесідей сипаттауға болады:
- мазасыздық, кірпияздық, ұйқысының бұзылуы;
- баланың тәбетінің төмендеуі;
- өткір қышқыл иісі бар тершеңдік, әсіресе бас терісінің:
- шүйде аймағы шаштарының ерекше тақырлануы; - ішек қызметінің бұзылуы (іш қату);
- сүйек ұлпасының патологиялық өсуімен бірге сүйектердің жұмсаруы: рахиттік «таспиқ», маңдай және төбе сүйектерінде төбешіктер пайда болу;
- баланың физикалық және психикалық дамуының қалыс қалуы;
Бастан өткерген рахит бала өсе келе өзі жайлы қайтадан білдіреді:
дене мүсінінің бұзылуы (сколиоз), көкірек қуысы пішінінің өзгеруі, Х немесе О тәрізді аяқтың қисаюы.
Әйел адамдарда кіші жамбастың тарылуы, бұл босану үрдісінде қиындық туғызады. Ересек адамдарда Д дәріменнің тапшылығы ең біріншіден остеомаляциямен – сүйек ұлпасының тығыздығының төмендеуімен байқалады. Дәрумен жетіспейтін науқастарда туберкулезбен ауыру қаупі жоғары екендігі туралы расталған деректер бар, сонымен қатар вирустық және бактериялық ауруларға төзімділік төмендейді.
Оксфордтық неврологиялық журналдың деректері (2010 жыл) бойынша қанында Д дәрумен деңгейі төмен емделушілерде шашыраңқы склероздың пайда болу қаупі аса жоғары. сонымен қатар ғалымдар ер адамдар гормонының-тестостерон мен Д дәруменнің төмен концентрациясы арасындағы байланысты байқады.
Құрамында Д дәрумені бар дәрі-дәрмектерді негізсіз қабылдаған денсаулыққа жағымсыз әсер етеді. Бұл жоғары концентрацияда дәрумен уытты әсерге ие тіпті бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына дейін әкелуіне байланысты.
Сондай-ақ оқыңыз: «Барлығы Д дәрумен туралы», " Д дәруменінің жетіспеушілігі агрессивті қуық асты безінің қатерлі ісігінің даму қаупімен байланысы анықталды ".