Кері қайту
"Beauty Шаш, тырнақ" профилі

Beauty «Шаш, тырнақ» бейіні тырнағыңыз бен шашыңыздың табиғи сұлулығын қалпына келтіруге көмектеседі.

Бейін құрамы:

  • 25-OH D дәрумені – сіздің ағзаңыздағы D дәруменінің деңгейін тексеруге көмектеседі, оның қажетті мөлшерінсіз тағамнан кальцийдің сіңірілуі төмендейді, тырнақ пен шаш құрылымы нашарлайды.
  • Жалпы кальций (Са) – тырнақ, шаш пен тістің саулығын қамтамасыз ететін микроэлемент.
  • В12 дәрумені – В12 дәруменінің тапшылығы шаштың түсуімен анемияға, сондай-ақ құрғақ бас терісіне, қышыма, қайызғаққа әкелуі мүмкін.
  • Фолий қышқылы - қантүзу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті компонент жасушалардың, соның ішінде шаш фолликулалары жасушаларының бөлінуіне қатысады.
  • Ферритин - темір қорының және анемия болуының ең сенімді маркері.
  • Темір - оның тапшылығы гемоглобин өндірісінің төмендеуіне және шаштың нашарлауына әкеледі.
  • ТТГ - гипотиреоз салдарының бірі шаштың түсуі болып табылады.
  • ЖҚТ - ағзаның жалпы жай-күйін бағалауға арналған скринингтік талдау.
  • С-реактивтік ақуыз (СРА) - CPА негізгі диагностикалық мәні оның аясында шаш пен тырнақ мәселелері туындауы мүмкін ағзада қабыну процестерін көрсету болып табылады.
  • Кортизол - «күйзеліс» гормоны, ал күйзеліс ошақты алопеция себептерінің бірі болып табылады.
  • ДГЭА - маңызды гормон, оның жоғары мәні гирсутизммен (шаштың тым тез өсуі), поликистозды аналық без синдромымен байланысты болады

 

ТГГ, Кортизол және ДГЭА циклге қарамастан тапсырылады