Кері қайту
"Интимдік" бейіні (ер адамның ПТР, материал-несеп) (науқан)

Арнайы баға көзделген профиль келесі талдауларды қамтиды:

  • Хламидиоз (Chlamydia trachomatis)

  • Микоплазмоз (Mycoplasma genitalium)

  • Уреаплазмоз (Ureaplasma species)

  • Гарднереллез (Gardnerella vaginalis)

  • Трихомониаз (Trichomonas vaginalis)

  • Кандидоз (Candida albicans)

  • Цитомегаловирус (CMV)

  • Герпес I, II түрлері (HSV I, II)

  • Гонорея (Neisseria gonorrhoeae)

 

Интимдік профиль ең жиі кездесетін жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда зәр биоматериал ретінде қолданылады, яғни Сізге ұяттан күйіп \ және ауырсынуға төзе отырып, уретрадан қырғышты алу сияқты жағымсыз процедурадан өтудің қажеті жоқ, өйткені қазірден бастап Сізге тек таңертеңгі зәрдің алғашқы бөлігін арнайы ыдыста әкелу керек. Сіз әкелген материал ПТР әдісімен зерттеледі және сіз диагностикалық дәлдігі бойынша қырылған уретраның ПТР зерттеуінен еш кем түспейтін зерттеу нәтижелерін қысқа мерзімде ала аласыз.

ПТР әдісі - дәлірек және қымбат әдіс, ол 9 микробтың тікелей жағынды орнында болуын анықтайды.