Назад
«Кардиоқауіп» толық профилi

«Толық кардиоқауіп» профилі келесі талдауларды қамтиды:

  • Триглицеридтер
  • Жалпы холестерин жалпы
  • Холестерин-ЖТЛП
  • Холестерин-ТТЛП
  • Аполипопротеин А1
  • Аполипопротеин В
  • Глюкоза
  • С-реактивті ақуыз Кардио (жоғары сезімтал)
  • Атерогенділік индексі

Профиль жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін, сондай-ақ бұрыннан бар патологиялардың ауырлығын көрсетеді. Профильдің 3 нұсқасы бар: стандартты, толық және кеңейтілген.   

  1. Триглицеридтер – атеросклероздың дамуына қатысатын майлар. 
  2. Жалпы холестерин - бұл ағзаның көптеген жасушаларының құрылымдық құрамдас бөлігі. Холестериннің шамадан артық болуы атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына әкеледі. Холестеринді шартты түрде 2 түрге бөлуге болады:»пайдалы»- ЖТЛП және «зиянды» - ТТЛП 
  3. ТТЛП – атеросклеротикалық түйіншіктерді құрайтын холестерин түрі. 
  4. ЖТЛП-антиатерогендік қасиеттері бар холестерин түрі. 
  5. Атерогенділік индексі (тегін) - атеросклероздың даму қаупінің дәрежесі. 
  6. Глюкоза-қандағы глюкозаның артық болуы қант диабетін  көрсетуі мүмкін (барлық жағадйда емес) 
  7. Аполипопротеин А1 – атеросклероздың дамуын болдырмау үшін қажет зат
  8. Аполипопротеин В – организмде холестериннің жиналуына ықпал ететін зат. 
  9. C - реактивті ақуыз кардио-атеросклероз ауырлығын көрсетеді.