Иммундық ахуал (статус) – бұл иммундық жүйенің жасушалық және гуморальдық звеноларының сандық және функционалдық белсенділігін сипаттайтын зертханалық көрсеткіштердің жиынтығы. Иммундық ахуалды бағалау – иммунограмма зертханалық тексеру көмегімен жүргізіледі. Қанның иммунограммасы мүшелер мен жүйелердің таңдаулы патологиялық өзгерістер жағдайын көрсетпейді, бірақ түгелдей иммундық жүйені (бөгде антигендерге жауап беруде иммундық жүйе белсенділігінің өзгеру жиынтығы) бағалауға мүмкіндік береді.
Қан лимфоциттерінің жасушалық құрамын (иммунды фенотипирлеу) анықтау ағынды цитофлюориметрия әдісімен орындалатын иммундық ахуалды бағалаудың негізгі компоненті болып табылады. Лейкоциттерді иммунды фенотипирлеу олардың беткейлерінде маркерлерді саралаудан немесе CD-антигендерді анықтаудан тұрады. Лейкоциттер өзінің субпопуляциясы мен даму сатыларына бірегей беткейлік және цитоплазмалық антигендерді бөліп шығарады. CD-антигендер (ағылшынша - cluster of differentiation antigens) – бұл жасушалардың беткейіндегі антигендер, бір тип жасушаларды басқа тип жасушалардан ажырататын маркерлер. Бұл антигендердің саралануы зерттеліген және стандартталған, оларға белгілі номерлер берілген. CD тиісті моноклональды антиденелер көмегімен танылады.
Иммунограмма түгелдей иммундық жүйені бағалауға мүмкіндік береді және ол иммундытапшылықты диагностикалауда шешуші зерттеу ретінде тағайындайды. Иммундытапшылық – бұл иммундық жүйе жұмысының тапшылығы. Иммундытапшылықтың негізгі көрінісі – жұқпалы аурулардың ауыр ағымына бейім тұруы.
Зерттеуге алынатын материал көк тамырдан алынған қан болып табылады. Талдау үшән материалды етеккір кезеңінде, жедел жұқпалы және қабыну ауруларында тапсыру ұсынылмайды.